Маңғыстауда ауылдық мектеп 17 млн. теңге көлемінде грант иеленді
2015 ж. 07 қазан
2178
0
Ұстаздар күнін мерекелеу аясында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев білім және тәрбие беруді ұйымдастыру, жетілдіруде айтарлықтай табыстарға қол жеткізгені үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерін, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары, Маңғыстау облысы әкімдігінің Алғыс хаттарын табыстады.
«Алтын белгі» иегерлері, республикалық ,халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері және спорттық, би және музыкалық байқаулардың жеңімпаздары көбеюде. Бұл педагогтардың қажырлы еңбегінің арқасы екені сөзсіз. Бұл шуақты мереке - Ұстаздар күні облыстағы мектептердің ұжымдарына аймақ дамуына қосқан бағасыз еңбектері үшін жеке алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Мерекелік рәсімде Маңғыстау облысы әкімінің гранты берілетін «Қазақ тілінің үздік мұғалімі» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда жеңіске жетіп, 200 мың теңге көлеміндегі білім беру грантын Ақтаудағы № 7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі Гүлжамал Орынбаева иеленді.
Маңғыстау ауданындағы Оңды ауылының мектебіне «Үздік орта білім беру мекемесі-2015» атағы мен 17 миллион теңге көлемінде грант берілді.