TAS GROUP: Бағалы қағаздар – ақшаны көбейтудің тиімді түрі
2023 ж. 08 қыркүйек
18768
0
Дулат Тастекей жаңа қаржы құралы туралы айтты
Құрамына TASCREDIT бренді кіретін TAS GROUP компаниялар тобының басшысы Дулат Тастекей микроқаржы ұйымдарының бағалы қағаздары тұрақты кірістің көзіне қалай айналатынын айтты.
Оның сөзінше, бүгінде бүкіл әлем экономиканың қиын кезеңін бастан өткеруде - пандемия, соғыс т.б. осыған байланысты дағдарыстар, инфляция мен базалық мөлшерлеменің өсуіне, оның салдарынан халықтың нақты кірістерінің төмендеуіне әкеп отыр. Мұндай жағдайда әрбір қазақстандық өзінің қаржылық қауіпсіздік жастықшасын жасауға мүмкіндігі бола бермейді. Бірақ бұл қажетті қадам. Сондықтан кірісті сақтауға немесе тіпті арттыруға мүмкіндік беретін жаңа қаржы құралын зерттеп, пайдалану керек. Ол құралды, мысалы, қор нарығы ұсынады.
Сондықтан кірісті сақтауға немесе тіпті арттыруға мүмкіндік беретін жаңа қаржы құралын зерттеп, пайдалану керек. Ол құралды, мысалы, қор нарығы ұсынады. Ерекше атап өтетін жайт, МҚҰ-ға қаржы құю - бұл талай адам сан соғып қалған қаржы пирамидаларына ақша салу емес. Бұл үлкен тарихы бар, жұмысы ашық халықтық компанияларға салынатын инвестиция.
Отандық қор нарығы соңғы жылдары реттеуші тарапынан да, оның кәсіби қатысушылары тарапынан да бірқатар реформалар мен бастамалардың арқасында белсенді түрде дамып келеді. 2023 жылдың наурызында Қазақстан жергілікті қор нарығындағы бір миллион инвесторға қол жеткізу арқылы тарихтағы маңызды қаржылық кезеңге жетті.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесінде 1 188 000-нан астам брокерлік шот тіркелді. Тек 2023 жылдың қаңтар-наурыз айында ғана шоттардың саны 130 мыңға өсті, бұл, әрине, азаматтар тарапынан үлкен қызығушылықты көрсетеді.
Бағалы қағаздарға қаржы құю – бұл тәуекелді операцияларға емес, банктік депозиттердің табыстылығымен салыстырылатын активтер мен пайданың сақталуына кепілдік беретін адамдар пайдаланатын қаржы құралы. Ең табыстысы – МҚҰ корпоративтік бағалы қағаздары. Бұл нарықтық тұрақты және айтарлықтай жылдам өсуді көрсететін инвестициялау түрі.
МҚҰ қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп, микроқаржы ұйымдарына жаңа капитал нарығына – бағалы қағаздар шығаруға қолжетімділікті ашты. Бұрын олар несиелік портфельдерді секьюритилендіру арқылы қарыз қаражатын тартқан бірліктерді қоспағанда, ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында іс жүзінде болған жоқ.
Мысалы, 2018 жылы TAS GROUP ұйымдаспаған нарықта «Finance Investment Group СФК» ЖШС арқылы 1,6 млрд теңге тартты. Бір жылдан кейін TAS GROUP еуропалық Mintos инвестициялық платформасында аккредитациядан өтіп, ол жерден 5 миллион еуроға жуық несие алды, - деп атап өтті Дулат Тастекей.
МҚҰ бағалы қағаздары барған сайын өзекті қаржы құралына айналуда. 2020 жылда, KASE облигацияларына жазылуға орташа сұраныс 84% болса, 2022 жылы ол 119% дейін өсті. Бұл ретте KASE-де орналастырылған облигацияларға сұраныстың орташа көрсеткіші бүкіл уақыт ішінде 109%-ды құрады.
Қазақстандағы МҚҰ нарығы жайлы
2022 жыл нарық үшін айтарлықтай өсудің жаңа кезеңі болды. МҚҰ активтері 35,2% – ға, міндеттемелер – 37,5% - ға, капитал (орта есеппен) - 29,8% - ға өсті. Бұл өте жақсы және тұрақты көрсеткіштер.
МҚҰ-ның 2022 жылғы жетістіктеріне активтер көлемі бойынша 1 трлн теңге планканы еңсеруді де жатқызуға болады – 2023 жылы сектор активтер мөлшерімен 1,1 трлн теңгеге кірді.
Компанияның меншікті капиталының жеткіліктілігі – бұл ұйымның міндеттемелерінің құрылымындағы меншікті капиталдың үлесі. Бұл шама (% үлес) ұйымның несие берушілерден қаншалықты тәуелсіз екенін көрсетеді. Бұл коэффициент 1-ге неғұрлым жақын болса, соғұрлым жақсы болады.
Инвестициялардың кірістілік коэффициенті – бұл компанияның қанша пайда әкелетінін көрсететін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш пассивті пайда құралын таңдаудағы ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Егер ол 1-ден жоғары болса, бұл қазірдің өзінде тиімді жоба. TAS GROUP бұл рейтингте 3.21 көрсеткішімен МҚҰ арасында 2-ші орында, бұл компанияның өз инвесторларына тұрақты табыс әкелетінін көрсетеді.
Кіріс пен активтерге пропорционалды түрде МҚҰ-ның таза кірісі тұрақты жоғары табыстылық коэффициенттерін қамтамасыз етеді: табыс пен кіріс арақатынасы 17,3% (2021 жылы 19,2%) деңгейінде жоғары болып қалады, кезең соңындағы активтер пайдасы 8% (7,7%) құрайды.
Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында микроқаржы ұйымдары көбейіп келеді. Тиісінше, әлеуетті инвесторлар үшін бәсекелестік күшейе түсуде. Оның үстіне, бұл жағдайда банктер мен сақтандыру компаниялары емес, бөлшек инвесторлар қарастырылады.
Әрбір инвесторға арналған бәсекеде микроқаржы ұйымдары өз мүдделері мен жеке инвесторлардың қажеттіліктеріне, атап айтқанда, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды шығару арқылы жедел жауап береді. AIX-те орналастырылған МҚҰ облигацияларының жалпы көлемінің 54%-ы долларлық шығарылымдарға келеді.
Теңгеде МҚҰ бағалы қағаздарының орташа кірісі шамамен 20% құрайды. Дәл осы купондық мөлшерлеме, мысалы, TAS GROUP-та 2019 жылы AIX-те бағалы қағаздарды орналастырған кезде болған. Олар 2,5 миллиард теңгеге сатып алынды.
Оның айтуынша, МҚҰ бағалы қағаздарын таңдаудағы негізгі критерийлер – компания төлейтін дивидендтер көлемінің мөлшері мен динамикасы, сондай-ақ шығарудың жүйелілігі. Аталмыш TAS GROUP мысалында қарастырайық: 2019 жылы 4 миллиард теңге сомасына 1 миллион теңгелік 4 000 облигация шығарылды, 2021 жылы компания 20 миллиард теңге сомасына тоқсан сайынғы төлемдері 19 пайызды құраған 500 000 теңгелік 20 000 облигация шығарды.
Олар 10 миллиард теңгеге сатып алынды. Бірінші шығарылымның қорытындысы бойынша 700 миллион теңгеден астам, екіншісі бойынша – 2 миллиардқа жуық ақша төленді (2023 жылдың 2-тоқсаны бойынша).
Сонымен қатар, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті, қарыз жүктемесінің деңгейі, ROI (яғни инвестицияның кірістілік коэффициенті) және бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелдің максималды коэффициенті сияқты көрсеткіштерді ескеру маңызды.
Айта кету керек, бұл көрсеткіш заңға сәйкес 0,01-ден аспауы керек. Бұл талапқа МҚҰ нарығындағы алты негізгі ойыншы ғана жауап береді. TAS GROUP бұл көрсеткіш бойынша 1-ші орында тұр.
Қорытындылай келе, қазақстандық МҚҰ бағалы қағаздарына қаржы құю бөлшек инвестор үшін тиімді инвестиция болып табылады деп айта аламыз, өйткені олар қаржылық құрал ретінде үлкен тәуекелдерге ұшырамайды және бұл нарық тұрақты түрде өсіп келеді.