Ресей сыртқы қарызы бойынша соңғы 100 жылда алғаш рет дефолтқа ұшырады
2022 ж. 27 маусым
40513
0
Ресей соңғы жүз жылда алғаш рет сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
27 мамырда 100 миллион доллар көлемінде процент төлемі төленуі керек еді. Ресей тарапы ақша Бельгияның «Euroclear» қаржы қызметтері компаниясына жіберілді деп мәлімдеді. Содан кейін ол төлем инвесторлар арасында бөлінуі тиіс болатын.
Бұл төлем бұғатталып, кредиторлар дивидендтерін алмаған. Ақша төлем жасалған күннен бастап 30 күн ішінде түсуі керек еді, сондықтан бұл дефолт деп саналады. «Euroclear» барлық санкцияларды ұстанатынын атап өтті.
Ресей үкіметі өз төлемдерін уақытында жасағысы келетінін мәлімдеді. 40 млрд долларға жуық ресей қарызы доллармен немесе еуромен белгіленген, оның жартысы елден тысқары жерде.
Өз кезегінде Кремль 23 маусымда қарыз бойынша барлық төлемдер шартта доллармен немесе басқа да халықаралық валютамен көрсетілсе де, Ресей банкі арқылы рубльмен жүргізілетіні туралы бұйрық шығарған.
Бұл дефолт Ресей үшін қағаз жүзіндегі соққы. Дефолт жариялаған елдерге әдетте қарыз берілмейді, бірақ Ресейге санкцияларға байланысты батыс нарығында онсыз да қарыз беруге тыйым салынған.
Ресей соңғы рет сыртқы қарызы бойынша дефолтты 1918 жылы жариялады. Ол кезде коммунистердің көшбасшысы В.Ленин большевиктер революциясы кезінде Ресей империясының қарызын төлеуден бас тартқан болатын.