Астанада 1,3 млрд теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған басшы сотталды
2020 ж. 17 қараша
3514
0
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атырауоблтяжстрой» ЖШС басшысына қатысты аса ірі мөлшерде салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жүргізуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Құжаттамалық салық тексерісінің актісіне сәйкес кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 млрд. теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған. Салықтардың қосымша есептелуіне жалған шот-фактуралар жазып берген кәсіпорындармен келісімдер негіз болды.
Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 245-б. 3-б. Қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кәсіпорын басшысына 3 жылға коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.