Кәсіпкерлер несие шарттарына шағымданды
2020 ж. 12 тамыз
1299
0
«Ақ жол» Демократиялық партиясының депутаттары Азат Перуашев пен Ерлан Барлыбаевтың қатысуымен дүйсенбіде өткен бейнеконференцияда шағын бизнес өкілдері мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіз екендігі туралы мәселені көтерді.
Мысалы, азық-түлік өнеркәсібі Одағының төрайымы Марина Сабралиева бұрын алған несиелерді жаңа мөлшерлеме бойынша қайта қаржыландыру мүмкін еместігін айтты. Кәсіпкерлердің мұндай әрекеттері несиені қайта есептеу және несиелік жүктеменің ұлғайтылатынымен аяқталатынын жеткізді.
Мемлекет төменгі мөлшерлемедегі жаңа несиелерге орасан қаражат бөлді. Бірақ банктер жаңа мөлшерлеме бойынша бұрынғы несиелерді қайта қаржыландыруға қарсы. Егер қаржыландырса, бұрынғы несие берешегін қосып, қайта қаржыландырады.
«Мақсат жаңа несиелерді таратуда емес, дағдарыстан зардап шеккен бизнесті қолдауда емес пе? Бірақ бұлай болмай тұр,– деді тағам өндірушілер. Сондықтан да Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігінің банктерді бизнестің ескі несиелерін жаңа мөлшерлеме бойынша несиелік жүктемесін көтермей, керісінше оның берешегін төмендетуді міндеттейтін шешімі керек.
Кәсіпкерлер «Даму» қорының қаржылық көмек несиелері бойынша берешекті шегіндіру хаттамасын толтыру кезінде «форс-мажор туралы құжат» пен компанияның қаржылық қиын жағдайын растайтын өзге де құжаттарды тапсыру талаптарына да қатысты сұрақтар қойды.
«Қорға бұл не үшін қажет? Президент көктемде форс-мажорлық жағдай деп таныды. Қазір де карантин ұзартылды және Үкіметтің несиелерді 1 қазанға дейін шегіндіруді жалғастыру туралы шешімі де бар. Неге екені белгісіз «Даму» қоры кәсіпкерлерден құжаттарды талап етуде, олар неге бізді тағы да қағазбастылыққа мәжбүрлейді» деп ашуланды кәсіпкерлер.
Алматы ауыр машинажасау заводының бас директоры Жетпісбай Едігенов өндірушілер үшін арзан түнгі тарифтерді қолдануды жаңғырту туралы мәселені көтерді. Оның есептеулері бойынша, мұндай тарифтердің алынып тасталуымен өндірушілердің шығындары 12% артқан. Машинажасаушылар қазіргі жағдайда түнгі тарифтерді қайтару бизнесті қолдаудың маңызды шараларының бірі болар еді дейді.
Қатысушылар қазіргі қиын жағдайдан экономика мен кәсіпорындарды алып шығу жөнінде көптеген басқа да ұсыныстар айтты.
Азат Перуашев барлық ұсыныстар жинақталып, «Ақ жол» партиясының Үкіметке ұсынатын ұсыныстар топтамасына енгізілетініне сендірді.