Азық-түлік тауарлары нарығында монополияға қарсы ден қою шаралары асырылуда
2020 ж. 03 тамыз
1491
0
Ақтөбе облысы әкімінің кеңесінде жекелеген азық-түлік пен ұн бағасының өсуі туралы, азық-түлік базарларында сөз байласудың жолын кесу шараларына қатысты біраз жайттар айтылды.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.Атап айтқанда, Жаңа-Әлжан комбинатының ұнына бағаның 13% - ға өсуі байқалады. Сондай-ақ, жекелеген азық-түлік өнімдеріне 7,9%.
Сонымен қатар, аумақтық департаментпен "Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты" ЖШС-нің іс-әрекеттерінде бәсекелестіктің бұзылу белгілерін анықтау бойынша қызметін зерделегенін атап өту қажет. Комбинат ұнының бағасы 2020 жылдың 1 маусымынан бастап аздап көтерілді, бірінші сұрыпты бидай ұнының бағасы 3,2% - ды құрады. Алайда, екі апта ішінде ұнның жекелеген сорттарының бағасы бұрынғы деңгейге оралды. Бүгінгі таңда статистика деректері бойынша Ақтөбе облысында бірінші сұрыпты бидай ұнын бөлшек саудада өткізудің орташа бағасы 1 килограмм үшін 130 теңгені құрайды, бұл ел бойынша ең төмен бағаның бірі болып табылады (ШҚО астық егетін өңірінде ғана төмен - 128 тг/кг).
Атап айтқанда, жарияланымда жекелеген азық-түлік өнімдерінің бағасы 7,9% - ға қымбаттағаны айтылған.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысында төмендеу динамикасы байқалады, бағаның төмендеуі 1,2% - ды құрады (күнбағыс майы, тауық еті, картоп, пияз бағасының төмендеуі).
Бір апталық өсім тек тұзға 7,9% байқалады. Тұз бағасының өсуі Ресей Федерациясынан жеткізушінің (жеткізуші ООО "Руссоль" ) сату бағасының өсуіне байланысты, тұздың сатып алу бағасы 32,4 теңге/кг құрады, қазіргі уақытта 41,5 теңге/кг.
Статистика органдарының деректеріне сәйкес, республика бойынша 2020 жылдың басынан бастап ағымдағы жылдың 27 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы жалпы алғанда 5,7% - ға өсті. Өткен жылы бұл көрсеткіш жоғары болды және 7,7% құрады.
Азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауға және олардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шараларға келетін болсақ, монополияға қарсы орган бағаның өсуіне, егер олар нарық қатысушыларының сөз байласуымен туындаған жағдайда ғана әрекет ететінін атап өткен жөн. Өзге жағдайларда заңға сәйкес, монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылмайды.
Осылайша, монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің болуына байланысты Ақтөбе облысының аумақтық департаментімен монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап 35 хабарлама шығарылды, агроөнеркәсіптік кешені саласында нарық бойынша сүзбе сату – 2, күнбағыс майын сату – 1, жеміс– көкөніс өнімдерін сату - 15.
Жалпы монополияға қарсы орган барлығы 287 хабарлама шығарды. Жыл басынан бері 13 тергеу тағайындалды. Айыппұл сомасы 4 346 392 теңгені құрайды.
Монополияға қарсы орган 2019 жылдың тамызынан бастап жүргізетін апта сайынғы мониторинг көрсеткендей, бағаның өсуі үшін экономикалық процестерге байланысты объективті себептері де бар екенін ерекше атап өту қажет. Бағаның өсуіне әсер ететін негізгі факторлар: азық-түлік нарығында тиімсіз делдалдардың көп болуы; егіс жұмыстарын жоспарлаудың болмауы; егіннің уақтылы жиналмауы; сақтау шарттарының сақталмауы; реттелген жеткізу арналарының болмауы; әр түрлі сауда үстеме бағалары бар дистрибьюторлардың көп саны болып табылады.
Тиісінше, бағаны төмендету үшін саланы дамытуға жауап беретін мемлекеттік органдардың тауар нарығын молайту, нарық субъектілерінің санын және өндіріс көлемін ұлғайту, мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау жөніндегі іс-қимылы қажет. Бұл нарықтағы бәсекелестікті арттырады, бұл бағаның төмендеуіне ықпал етеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын бақылаудың негізгі тетігі жергілікті атқарушы органдардың шекті және рұқсат етiлетін шекті бағаларды белгілеуі, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру болып табылады.
Өткен жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде нанға, ұнға бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері 30% - дан астамға асып кеткеніне қарамастан, жергілікті атқарушы органдар шекті бағалар белгілемеген.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдармен бағаларды бақылаудың осы құралдары толық көлемде пайдаланылмайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне қолданыстағы ескерту құралдарын қолдану тиімсіз. Әкімдіктермен шекті және рұқсат етiлетін шекті бағаларды белгілеу тетігі қолданылмайды. Атап айтқанда, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және толықтыру бойынша жұмыстың әлсіздігі. Бағалардың маусымдық ауытқуына уақытылы ден қою, азық-түлік қорымен уақытылы толтырылмауы, көкөністердің бүлінуінің жоғары деңгейі орын алуда.