20 жылда Қазақстаннан 140 млрд доллар ұрланған
2020 ж. 10 маусым
1251
0
Соңғы бес жылда Қазақстаннан шетелге капиталды шығаруға қатысты 238 қылмыстық іс қозғалған. Бірақ тергеушілер шетелге кеткен қаражаттың бір тиынын да қайтара алмаған.
Бұл туралы сенатор Ольга Перепечина мәлім етті,- деп хабарлайды oinet.kz.
- Біздің қолымызда шетелге шығарылған қаражат туралы нақты мәлімет жоқ. Себебі бұл жөніндегі бірыңғай монтиоринг және бағалау жүйесі жасалмаған. Бірақ Tax Justice Network халықаралақ ұйымының мәліметінше, 20 жылда тек офшорлық аймаққа кеткен қаражаттың көлемі 140 млрд долларды құрайды,-деді депутат.
2015-2019 жылдары Қаржы министрлігі тарапынан осыған қатысты 238 қылмыстық іс қозғалғанымен, оның үшеуі ғана сотқа жолданған.
Сенатордың айтуынша, қылмыстық істердің басым бөлігі немесе 70 пайызы (170 іс) қылмыс белгілері жоқ деген негізбен қысқартылған. Себебі біздің елде капиталды сыртқа шығару заңбұзшылық болып табылмайды. Ал сотқа жолданған үш қылмыстық істе қаржыларды керу қайтару қарастырылмаған. Себебі Қылмыстық прцесстік кодексте мұндай мәселе міндеттелмеген.