Зейнетақы қорындағы жинақтар сомасы азаюы мүмкін бе?
2020 ж. 18 сәуір
1321
0
Соңғы күндері бізге – «Менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?» – деген сауалдар көп қойылатын болып кетті.
Мәселенің басын ашып алайық.
Зейнетақы жинақтары – жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы.
Жарналар ешқашан азаймайды, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Жарналардың 3 түрі бар:
- міндетті зейнетақы жарналары (табыстың 10% )
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (табыстың 5%, оны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына төлейді)
- ерікті зейнетақы жарналарын адам өз еркімен төлейді (ол кез келген сомада болады және төлеу кезеңділігін де өзі таңдайды)
Инвестициялық кіріс – зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.
Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғайып, азаюы мүмкін.
Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болған кезде – зейнетақы жинағы да ұлғаятын болады.
Инвестициялау табыстылығын бірнеше күн сияқты аз уақыт емес, бір жыл тәрізді ұзағырақ уақыт үшін қарау керек екенін түсіну маңызды.
Жыл басынан бергі инвестициялық қызметтің нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр - салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6% -ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12% - ға жуық мөлшерге артық.
Құрметті салымшылар! «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сай сіздердің жинақтарыңыз тек сіздердің меншіктеріңіз болып есептеледі!
БЖЗҚ әлеуметтік желідегі парақшасынан