МИНИСТР МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН ТҮСІНЕМІН ДЕДІ
2017 ж. 21 қазан
2759
1
Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілеріне жеңілдік жасауды ұсынды.
«Мұғалімдерге қатысты жеңілдіктердің болмауы проблемасы бар. Осы орайда біз тиісті ұсыныс жасап жатырмыз, яғни мұғалімдер мен тәрбиешілерге балаларын балабақшаға орналастыруға жеңілдіктерді беру мәселесін көтеріп отырмыз. Бұл тұрғыда әскерилерге жасалып жатқан жеңілдікке ұқсас ұстаздар мен тәрбиешілерге де тиісті жағдайды қалыптастыру қажет», – деді министр. Е.Сағадиевтің сөзіне қарағанда, елімізде балабақшалар желісі артып келе жатқандықтан, осындай нормаға бастама жасалып отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысы барысында министр орта білімде жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшуді жалғасып жатқанын айтқан болатын. Сонымен қатар ол мұғалімдер арасындағы жастар саны көбейіп келе жатқанын сөз етті. 2016 жылмен салыстырғанда жас ұстаздар үлесі 2,5 есеге артқан. Сондықтан оларға осы бағыт бойынша жеңілдіктер аса қажет. Министрдің бұл ұсынысын көпшілік қолдап, мұғалімдердің жағдайын түсіне бастағанына ризалығын білдіріп жатыр.
Зейнолла АБАЖАН
qazaquni.kz