V Халықаралық білім, мәдениет және спорт конгрессі өтеді
2016 ж. 08 сәуір
2794
0
13-15-сәуір аралығында Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Халықаралық білім, мәдениет және спорт қауымдастығының (UBİKS) ұйымдастыруымен Ахмет Ясауи жылына арналған «Ахмет Ясауидың жолын жалғастыру: Жаһандық, татулық, толеранттылық және ынтымақтастық» тақырыбында V Халықаралық білім, мәдениет және спорт конгресі өтеді.
Халықаралық білім, мәдениет және спорт қауымдастығы (UBİKS) – 2010 жылы Түркия мемлекеті Анкара қаласында құрылған. Қауымдастыққа 17 мемлекет мүше. Бұл құрылым 2012 жылы маусым айында алғашқы конгресін Анкарада, содан кейін Анталия қаласында, Босния-Герцогавинияда, 4-конгресс Македонияда өтті.
Дәстүрлі ғылыми жиынның 5-ші конгресі осы жыл Қазақстанда өткелі отыр. Халықаралық ғылым, мәдениет және спорт қауымдастығы (UBİKS) және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті бірлесіп өткізетін конгрестің маңызы айрықша. Халықаралық ұйым ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 2016 жылды «Ясауи жылы» деп жариялауына байланысты өткелі отырған Халықаралық ғылыми басқосуға әлемнің 300-ге тарта ғалымдары қатысады.
Ғылыми жиын мақсаты түркі-ислам тарихында айрықша орны бар Ұлы тұлға Қожа Ахмте Ясауиді еске алу және Ахмет Ясауи мұраларын тану және насихаттау. Мәдени һәм рухани мұрамызды сақтап қалу болмақ. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауидің өскен ортасы, тұлғалық дүниетанымы, дін, адам және қоғам туралы көзқарастары мен шығармалары төңірегінде ғылыми тұжырымдар сөз болады деп күтілуде. Ұлы ойшылдың исламға, сопылық ілімге қосқан үлестері туралы және әлі де зерттелмеген құндылықтары жайлы айтылмақ.
Халықаралық конгреске Қазақстан, Алжир, Түркия, Индонезия, Нигерия, Босния-Герцеговина, Иран, Ливия, Ирак, Болгария мемлекеттерінен ғалымдар қатысады.