Жер тұрғындары Айдың толық тұтылуын тамашалау мүмкіндігіне ие болмақ
2015 ж. 03 қыркүйек
2046
0
Айдың толық тұтылуын Жер тұрғындары қыркүйек айының соңында тамашалай алмақ, деп хабарлайды ТАСС.
АҚШ-тың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасының (НАСА) хабарлауынша, Айдың толық тұтылуы соңғы рет 1982 жылы байқалған, ал ендігі тұтылуы тек 2033 жылы болмақ.
Қыркүйекте толған Ай Жердің көлеңкесі арқылы өтеді, сөйтіп бұл құбылыс Солтүстік және Оңтүстік Америкада 27 қыркүйекте, ал Еуропа мен Африкада 28 қыркүйекте Айдың тұтылуына себепкер болады. Сондай-ақ айтулы астрономиялық құбылысты Еуропада, Африкада, Азияның батыс бөлігі мен Тынық мұхиты аймағының шығыс бөлігінен бақылауға болады. Тұтылған Ай 14%-ға ұлғайып, 30%-ға жарқырай түседі. Яғни Ай Жерге жақындап, оның Жерден ара қашықтығы 384,6 мың шақырымды құрайтын болады. Мұндай Айдың толық тұтылуы өткен ғасырда тек бес рет: 1910, 1928, 1946, 1964, 1982 жылдары байқалған. Ал Айдың әдеттегі тұтылуын Жердің кез келген нүктесінен 2,5 жылда бір рет бақылауға болады.