"ЖАР АСТЫНДАҒЫ" ЖАҒАНОВА "РУХАНИЯТТЫ" ЖАРҒА ЖЫҚТЫ...
2011 ж. 29 желтоқсан
3298
17
МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?
Сайлау «сюрпризі» басталып та кетті... 28 желтоқсан күні кешкі сағат 5-те Алтыншаш Жағанованың «жалған құжат жасады» деген арызы бойынша Орталық сайлау комиссиясы «Руханият» партиясын сайлаудан алып тастады... Кезінде оралмандардың аттарын сырттарынан жазып алып, партия құрған Алтыншаш Жағанова «Руханиятты» Лондоннан келген жас кәсіпкер Серікжан Мәмбетәлинге сәтті саудалай біліп, 1 миллион долларды қалтасына басқан болатын... Бірақ алпыстан асқан Алтыншаш Жағанованың «алтын сыйы» бұл ғана емес екен... Ол дорбалаған долларды санап алғанмен, Мәмбетәлин партия құжаттары мен мөрді санап алмаған... Жарғы мен мөр Жағановада қала берген. Ал құжатқа қырсыз біз секілді дала қазағы болса, бір сәрі, шетелде талайды көрген Мәмбетәлиннің мәңгіріп қалғаны қызық екен... Жағанованың айтуынша, ол осы уақытқа дейін партияның құжаттарын қолына ұстап көруге тырыспапты... Таяуда ғана 22 желтоқсанда «Время» газетіне құжаттарының «жоғалғаны» жайлы хабарлаған... Ал осы кезде екі жыл бойы көрінбей кеткен Алтыншаш ханым «Қайдағы жоғалған, ол баяғыдан бері менде. Сендер заңсыз құрылтай өткіздіңдер, партиялық тізімді сайлаудан алып тастау керек» деп шыға келген... Осы шалалықтың арқасында "жар астындағы" Жағанова "Руханиятты" жарға жықты... Мұқтар Шаханов бастаған 23 саясаткерді сайлаудың орта жолында омақастырып құлатты... Бүгінде бокал көтеріп жатқан (жаңа жыл үшін ғана емес...) Ертісбаев неге "Шаханов "Руханиятқа" барса, 7 пайыздық межені алып, Мәжіліске өтеді " деп өзі "өте жақсы" көретін ұлт патриоттарының көсеміне қамқор болып қалды екен деп жүргеніміз тегін болмады...
Қазыбек ИСА