Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
2019 ж. 24 сәуір
2446
0
Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңызды екенін айтты. Кездесу барысында шалғай аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне баса мән берілді.
Президент Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.