Мәдина Әбілқасымова жәрдемақының көтерілетіні туралы айтты
2019 ж. 20 ақпан
4603
0
"Жәрдемақыны көтереміз". Еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова осылай деп мәлімдеді. Десе де жәрдемақының мөлшері қай уақыттан бастап ұлғайтылатыны белгісіз. Сондай-ақ, министр бүгінгі таңда түрлі ұсыныстар талқыланып жатқанын жеткізді.
Бұл туралы ">31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, әр отбасының қажеттілігі жекелей қарастырылып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, бүгінде сырқаты болса емделуге, тұрмыстық мұқтаждықты шешуге, білім алуға жеңілдік жасауға бағытталған бағдарламалар талқыланып жатыр.
«Сан түрлі ұсыныстарды қарастырып, талдап жатырмыз. Бейсенбіден кейін қандай да бір нәтиже белгілі болады», – дейді Мәдина Әбілқасымова.