Абаев қыздардың өлімі жайлы: Кінәні Әбілқасымоваға жабу әділ емес
2019 ж. 07 ақпан
4130
2
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өрттен қайтыс болған бес қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Ауыр қайғылы жағдай болды. Олардың отбасы қазіргі уақытта бастан кешіріп отырғанын, ең жаман түсте де көру мүмкін емес. Ата-анасымен бірге бүкіл ел болып қайғырып жатыр", - деді министр.
Сонымен қатар, Абаевтың ойынша, әлеуметтік желіде еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап етіп, таратып жатқандардың әрекеті әділетсіз екенін айтты.
"Менің ойымша, бар кінәні министр Әбілқасымоваға жаба салу, кемінде, әділетсіздік. Иә, ешкім де жауапкершіліктен босатылмайды. Қалай болғанда, біз - бүкіл мемаппарат - қандай жағдай болмасын, елімізде болып жатқан шаралар үшін жауаптымыз. Бірақ осы ауыр жағдайдың көптеген факторларға байланысты болғанын түсіну керек және көп нәрсе Еңбек министрлігінің жұмысына байланысты емес", - деді министр.
"Мадина Ерасылқызы осы жағдайға байланысты қатты қайғырып жүргенін білемін. Әйел, үш баланың анасы ретінде ол осы жаңалықты ауыр қабылдады. Сол себепті, тек конструктивті пікір қалып, қалған айыптаулар негізсіз. Сонымен қатар, мен Әбілқасымованы нағыз кәсіпқой, өз ісіне жанын салып істейтін адам ретінде білемін", - деді Дәрен Абаева.
Осыған дейін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова бес қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Әбілқасымова 4 ақпанда оқиға орнына барып, қыздарынан айырылған отбасының туыстарымен кездескенін және министрлік ұжымының отбасына қолдан келер көмек көрсететінін айтты.
Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген.