Инспектор Ерлан Нұрғалиев "Барыс" орденімен марапатталды
2019 ж. 04 ақпан
2836
2
Браконьердің қолынан қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиев Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік наградаға ие болды, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Ерлан Нұрғалиев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған.
Қаулының мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Марқұм Ерлан Нұрғалиевпен қатап оның әріптесі Петр Ницык те аталмыш наградаға ие болды.
Аталмыш жоғары марапат инспекторларға Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін беріліп отыр.