«Я не Конысбай»: Қазақ футболшысы Ұлан Қонысбаев тегін қазақшалауға қарсы шықты
2019 ж. 12 қаңтар
6694
1
Танымал отандық футболшы Ұлан Қонысбаев тегін қазақшалауға қарсы шықты, — деп хабарлайды prosports.kz.
Футболшы өзінің Instagram stories-ында сурет жариялады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен салтанатты іс-шараға футболшыны шақырған екен. Ұланның өкінішіне орай арнайы шақыру билетіне оның фамилиясы Қонысбай болып жазылып кеткен. Ал өз тегінің Қонысбаев болып жазылғанын мақтан көретін біздің жігіт ұйымдастырушыларға «Қонысбай» деп жазу қате екенін ескертіпті.
Есімін қазақшалаудан ат-тонын ала қашқан футболшы жалғыз Ұлан емес. «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков деген жігіт бар. Байқап отырғандарыңыздай тегі Мужиков деп жазылып тұр. Ал бұны футболшының өзі арнайы талап еткен. «Барлық БАҚ өкілдері тегімді «Мұжықов» емес «Мужиков» деп жазсаңыздар екен» деп сұхбат берген осыдан екі-үш жыл бұрын. Сөйтіп Серікжан орыстың «мужик» деген сөзі үшін атасының атын ауыстыра салған.