Ұлықбек Есдәулет: Ұлттық арна Қабатовсыз өмір сүре алмаса, сауатты редактор қойсын
2018 ж. 26 желтоқсан
8514
5
Жақында ғана бес баланың әкесі атанған Тұрсынбек Қабатов сынның астында қалды. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Тұрсынбек Қабатовты сынға алды. Жазушы Қабатовты қазақ тілін шұбарлады деп айыптады, - деп жазды stan.kz.
Ұлықбек Есдәулет Тұрсынбек Қабатовтың тілді шұбарлайтынын айтып, өкпесін жеткізді. Ұрпақ тәрбиесі үшін сахнада қазақ тілін дұрыс сөйлеуі тиіс деп сынады. “Қазақстан” ұлттық арнасынан басшылығынан олқылықтың орнын толтыруды сұрады.
“Қабатовтың әзілін көрдім. Әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне аударылған сөздер жайлы әзілі керемет болды. Бірақ Қабатовтың өзі аудармалармен бірге өзі де тілін тазаласа екен деген тілек бар. Егер ұлттық арна оның әзілінсіз өмір сүре алмайтын болса, Тұрсынбектің сөзін жөндейтін сауатты редактор қойсын. Арна басшысы Ерлан Тынымбайұлы “Тілді таза сөйле, шұбарлама, орыс сөзін араластырма” деп талап қоюы керек деп ойлаймын. Қандай жұлдыз болса да, сахнаның киесін ұмытпасын”, – дейді жазушы желідегі парақшасында.
Желі қолданушыларының бірі жазушының сөзін қостаса, бірі Қабатовты қолдады. Керісінше Қабатовтың қазақ тілінің тазалығы мәселесін көтеріп жүрегенін айтып ақтады.