Қазақстан қарызға миллиард еуро алмақшы
2018 ж. 10 қараша
6289
1
Қаржы министрлігіндегілер 1,05 миллиард еуроға еурооблигация шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжаттар Лондон биржасында және "Астана" Халықаралық қаржы орталығының биржасында жарияланды.
Министрліктегілердің мәліметінше, келісімшартты халықаралық деңгейдегі Citi мен Societe Generale компаниялары ұйымдастырып отыр. 525 миллион теңге көлеміндегі алғашқы транш 2023 жылы төленеді, мөлшерлемесі - 1,55 пайыз.
Екінші транштың да сомасы осындай, бірақ мөлшерлемесі - 2,375 пайыз, өтеп бітетін мерзім - 2028 жыл.
"Қазақстан сыртқы нарық капиталына 2015 жылдың шілдесінен бері қатысқан жоқ. (...) "Астана" Халықаралық қаржы орталығының биржасында бұл құжаттар алғаш рет жарияланып отыр. Бұл АХҚО-ны қаржы орталығының халықаралық капиталы ретінде дамытудағы маңызды қадам", - деп хабарлады Қаржы министрлігіндегілер.