Мұқтар ШАХАНОВ "ТІЛ КҮРЕСКЕРЛЕРІНЕ" Ақ жол тілеп, РУЗАҒА сәлем айтты
2018 ж. 31 қазан
5952
1
Алдыңғы күні әлемге әйгілі ақын Мұқтар Шаханов ағам телефон соқты. Алдында бірнеше рет қоңырау шалған екен, көрмей қалыппын…
– Ассалаумағалайкум көке!
– Уағалайкумассалам! Айналайын, ұлттық мүдде жолында жүрген бауырымсың ғой! Істеп жатқан, жазып жатқан қайраткерлігіңнің бәрін жақсы білемін. О бастан ұлттық мүдде жолындағы күресте жанымда жүрсің ғой! Астанадағы құрып жатқан қоғамдарың құтты болсын, қадамдарың мықты болсын! Менен сәлем айтарсың бәріне.
– Әумин, рахмет көке, Алла жар болсын!
– Керекуге Рузаға барамыз дегендерің тамаша болыпты. Қашан барасыңдар?
– Алдағы уақытқа жоспарлап жатырмыз. Алғашқы жұмыстарымыздың бірі сол болмақ.
– Өте керемет! Мен де баратын едім, қарашы, ауыруым аяқ байлап тұрғанын. Рузаға менен үлкен сәлем айтыңдар. Ол біздің тілге байланысты жұмыстарда алдыңғы қатарда жүрген қайсар да, қайратты қызымыз ғой! Өте дұрыс, баратын болғандарың. Оған үлкен қоллдау болатын болды. Қап, әттең, мен бара алмайтыным өкінішті… Менен сәлем айтып барыңдар! Өзің қайдасың қазір?
– Астанадамын ғой.
– А-а, солай ма? Мен «яблоко-ата» қаласындамын ғой. Алматыға келсең, соғып кет.
-Рахмет, көке. Алматыға барғанда міндетті түрде кіріп шығамын. Алла шипасын берсін!
– Әумин, рахмет, айналайын!
Осылай, сол күні Мәжілісте вице-спикердің комсомол күнімен құттықтауына байланысты айқасқа ат қосып келіп отырғанда, мұзбалақ Мұқтар ағамыз хабарласып, көңіліміз көкке көтеріліп қалды!
Алаштың бағына аман болыңыз, ақиық ақын, қайсар қайраткер Мұқтар аға!!!
Қазыбек ИСА
qazaquni.kz