SOS!!! "ҚАЗАҚ ҮНІ" ҰЛТТЫҚ ПОРТАЛЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАЛУДА!
2018 ж. 23 қазан
5190
3
Комсомолдар өлмепті - әлі тірі, әрі іріі екен! "Қазақ үні" ұлттық порталы қайта-қайта жабылып қалуда. Мамандарымыз ашып үлгермей, қайта жабылуда. "Сайттарыңызды аша алмай жатырмыз" деп, таң атқаннан Сәбетқазы Нұрсила секілді біраз ұлтшыл ағаларымыз бен анау Ақтаудан Алаштың арқалы ақыны Светқали Нұржан да мазасызданып хабарласуда.
Оған әрине, кеше-бүгін комсомолдың 100 жылдығын тойлауға қарсы жарияланған мақалаларымыз бен Коммунистік Жастар Одағының Желтоқсанға қатысушыларды қалай жазалағаны туралы тарихи құжаттарды жариялауымыз себеп болса керек.
"73 жылдығында өлген Комсомол 100-ге келмейді" - деп, тележурналистиканың Ақжүнісі Сәуле қарындасым айтқандай емес, олар әлі тірі, әрі күшті екен! Дегенмен, үміт үзбей, сайтымызға жиі кіріп, қолдау жасай беріңіздер, қадірлі оқырман қауым!
"ҚАЗАҚ ҮНІ" ҰЛТТЫҚ ПОРТАЛЫНА ҚАНША ШАБУЫЛ ЖАСАЛСА ДА, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАЙ БЕРЕДІ!"
Қазыбек Иса, qazaquni.kz