"Храпунов Әблязовтың БТА банк қаражатын иемденуіне көмектескен" - Diplomat
2018 ж. 01 қазан
2686
0
Вашингтонда шығатын Diplomat газетінде "Ұлыбритания соты БТА ісі бойынша Храпуновқа үлкен айыппұл салды" деген мақала жариялады. Басылым Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы және бұрынғы банкир әрі билікті сынаушы Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы Ілияс Храпуновқа Ұлыбритания жоғарғы сотының 500 миллион доллар айыппұл салғанын жазды.
Бұл туралы Азаттық хабарлады.Сот үкімі бойынша, Храпунов Әблязовтың "БТА банк қаражатын иемденуіне көмектескен". Соттың бұл шешімі – БТА банкі мен Қазақстан билігінің «шағын жеңісі". Олар бірнеше жылдан бері банк активтерін қайтару үшін тартысып келеді.
Соңғы бірнеше жылда БТА банк соттасып жүріп, шамамен 4,6 миллиард долларға қол жеткізді. “Бұл қаржыны Мұхтар Әблязов 2009 жылы Қазақстаннан кетпей тұрып, атына аударып алды” деген болжам бар. БТА банк қайтаруды талап еткен жалпы сома 6 миллиард долларға тең.
Ұлыбритания жоғарғы соты Әблязовтың дүние-мүлкін бұғаттап, одан активтері туралы деректі жариялауды талап еткен. Әблязов бұл талапты орындамаған. Әблязов 2011 жылы Ұлыбританияда 22 ай түрме жазасын өтеуі тиіс еді. Бірақ ол елден кетіп қалды да, жазадан құтылған.