Кімдікін жесеңдер де жей беріңдер, бірақ елдің миын жемеңдер!

  Ойпырмай, енді "Сенің миың болмағанда, енді кімдікін жейін?!"-деген  әнсымақты да еститін күнге де жеттік пе?  Осындай топас әнге тобымен құлап жатқан мисыз жастар аз емес екені де анық...  Аянышты!

Әлеуметтік желіде "Ninety One" тобының "E.Yeah" атты әнінің сөзі қызу талқыға түсті. Белгілі қоғам қайраткерлері, ақындар мен танымал тұлағалар ән мәтінінің сапасыздығын айтып, елімізде талғамсыз әннің қаптап кеткенін жазуда.

Белгілі күйші Жанғали Жүзбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында аталмыш әннің мәтінін жариялаған еді. Танымал тұлағалар ән мәтінін бірден сынға алды.

Мәселен, белгілі ғалым Мамай Ахет "Сөз жоқ! Барлық жерде дүмшелердің жаппай бас көтеруі жүруде..." деп жазса, танымал журналист Мұхамедияр Рашай "Бұрын зиялы қауым деген түсінік бар еді, айтқан сөздері желге ұшпайтын. Сол ағаларым барма қазір? Әлде бәрін жерледік пе? Айтып айтып қоя салу қанға сіңіп кетті ме?" деп өкініш білдірді.

Аталмыш ән мәтінінің үзіндісін оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. Себебі, бүгінде отандық арналардың көбін талғамсыз ән мен ессіз әншілер жаулап алғаны жаңалық емес. "Сенің миың болмағанда, енді кімдікін жейін?!" деген шумағы бар әннің орындаушылары мен авторларына айтарымыз: "Кімдікін жесеңдер де жей беріңдер, бірақ елдің миын жемеңдер!" дегеміз келеді.

Мәссаған Көйлегіңнің түймелері мойынға дейін Соған қарағанда бүгінгі жағдайым қиын Ренжимін дейсің ба? И, қоя ғой деймін! Дайындап қойып едім саған жууға киім Бұл да негізінде көңілдің бір деңгейі Ең алдымен сенім, ал қалғаны кейін Бұлдануды қойып, сал сөзіме зейін Сенің миың болмағанда, енді кімдікін жейін?!

qazaquni.kz