Жұлдызай Форт: Ана тілінде сөйлейтін қазақтардың мүддесін кім қорғайды?
2018 ж. 08 қыркүйек
4770
0
Қазақ тілінің дамуына Конституцияның 7 бабының 2 тармақшасы кедергі боып тұр. Соған жүгініп, орыстілді азаматтар мемлекеттік тілді үйренбей отыр. Сондықтан аталған бап Конституциядан алынып тасталсын!
Қазақстан халқы тілдері мерекесі күні 5 қыркүйекте қайта жарияланаған "МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ АТА ЗАҢДА АЙҚЫН КӨРІНСІН!" атты ұлт зиялыларының Ашық хаты ( алғаш 2017 жылы 26 ақпанда жарияланған) қоғамда қатты қолдау тауып отыр. Соардың бірі, белгілі блогер, полиглот, тіл күрескері Жұлдызай Форттың төмендгі жанайқай мақаласы
Неге 70% қазақ өз Отанында басқа азаматтармен бөтен тілде сөйлесуі керек?
Қоғам белсендісі Жұлдызай Форт Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа үндеу жариялап, Тіл туралы заңға өзгеріс енгізуді сұрады, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
- Бүгінгі таңда қазақ халқында тіл мен жерден басқа ештеңе қалған жоқ. Қазақ тілі Конституцияда мемлекеттік тіл деп аталса да, Парламент пен Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар мемлекеттік шараларды тек ресми тілде жүргізеді. Ал, бұл Конституцияның 7 бабының 1 тармағын бұзу! «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.» Және де орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деген норма Қазақстан заңдарында жоқ - бұлай деу бос сөз! Расында, неге 70% қазақ өз Отанында басқа азаматтармен бөтен тілде сөйлесуі керек? Қазақстанда, Конституцияда жазылғандай "байырғы қазақ жерiнде" ұлтаралық қатынас тілі тек мемлекеттік тілі болуы керек! Ана тілінде сөйлейтін қазақтардың мүддесін кім қорғайды? - деп жазылған petitions247.com сайтында жарияланған үндеуде.
Форттың айтуынша, ол өзі орыс тілінде білім алғанымен әрдайым қазақ тілінің мүддесін қорғауға қолынан келгенше атсалысып жүр.
- Қазақ тілінің жанашыры Руза Бейсенбай – тегі де, мен де орысша оқыдық, және мен қосымша 10 шет тілін меңгердім, соның өзінде қазақ тілінің мүддесін қолымыздан келгенше қорғап жүрміз. Қазақстан азаматтарының барлығы мемлекеттік тілді білуге борышты! Бұндай норма ҚР тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңының 4-бабында бар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi", - деп заңнан үзінді келтірді белсенді.
Жұлдызай Форттың сөзінше, шетел азаматтары қазақтарға "өз тілдеріңде неге сөйлемейсіңдер?" деп күлік қарайды екен. Сонымен қатар, тіл жанашыры еліміздегі Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға Конституциядағы 7-ші баптың 2-ші тармаға кедергі болып жүргенін атап өтті.
- "Мен шет елдіктерді көп аудардым, олардың бәрі «Өз тілдеріңде неге сөйлемейсіңдер ?» - деп бізге күледі. Әрине, өзін өзі сыйламаған халықты кім сыйласын. Қазақ тілінің пайдалану аясының кеңеюне Конституцияның 7 бабының 2 тармақшасы кедергі болып отыр, өйткені соған жүгініп, орыстілді азаматтар мемлекет тілін үйреніп қолданбай отыр. Осы себептен аталған бап Конституциядан алынып тастап, орнына «Мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» деген норманы енгізу керек, - деді Форт өз үндеуінде.
qazaquni.kz