Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
2018 ж. 28 тамыз
2418
0
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімделді.
Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы мұнай-газ жобаларының бәріне қатысатын Қазақстандағы ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.
– Бүгінде «ҚазМұнайГаз» белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыруды, технологиялық үдерістерді цифрландыруды, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде, – деді Қазақстан Президенті.
Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер етуі тұрғысынан мұнай нарығындағы ахуал жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Аkorda.kz