Құрбан айтта қазақстандықтар қалай демалады
2018 ж. 17 тамыз
10564
0
Қазақстандықтар Құрбан айтта бір күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл Құрбан айттың бірінші күні сейсенбі - 21 тамызға тура келеді. Заңнамаға сәйкес діни мерекенің бірінші күні демалыс болып есептеледі.
Айта кетейік, Конституция күніне орай күнтізбеде демалыс деп белгіленген 30 тамыз биыл бейсенбіге сәйкес келеді. Сол себепті, сенбі 25 тамыз жұмыс күні деп жарияланып, ондағы демалыс 31 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз (бейсенбі, жұма) және 1-2 қыркүйек (сенбі-жексенбі) күндері қатарынан 4 күн демалады.