Қасым ҚАЙСЕНОВ, Қазақстанның Халық қаһарманы: «ЖАС ҚАЗАҚТЫҢ» АЙДАРЫНАН ЖЕЛ ЕСЕРІНЕ СЕНЕМІН!
2018 ж. 11 тамыз
4501
0
Соғыс кезінде "Жас қазақ" деген ән болды. Сол әнді Жүсіпбек Елебеков ғажап орындаушы еді. Әні мен сөзі керемет қабысқан дүние ғой. "Жас қазақ" десе "Жас қазақ", елім деп от кешкен жас қазақ жайлы болатын. Сендердің "Жас қазақтарың да" халыққа сол "Жас қазақтай" жақын болсын деймін.
Соғыс кезінде "Красная звезда" газетінің Бас редакторы Ортанберг деген кісі еді. Сол кісі газет төңірегіне Илья Эренбург, Константин Симонов, Борис Полевой сияқты қаламы жүйрік, ойы сергек әскери журна листерді топтастырды. Олардың жаңа қырларының ашылуына мүмкіндік берді. Осы журналистердің қай-қайсысы да кейін белгілі адамдар болды. "Жас қазақ" та жас журналистерге сондай мектеп болсын деп тілеймін. Қай тақырыпты да туған халқының мақсат-мүддесі тұрғысынан қозғар басылымға айналсын. Өз басым "Жас қазақтың" айдарынан жел есеріне сенемін!
11.08.2000 ж.
(«Қазақ үні» газетінің архивінен)
Qazaquni.kz