Назарбаев Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
2018 ж. 08 тамыз
2337
0
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков пен Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды. Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.
Сондай-ақ, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен сөйлесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланғаны айтылады. Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.