Роза Рымбаева Семей қаласының әкімінен көрген қорлығы туралы ашық айтты
2018 ж. 14 шілде
8140
0
Халықтың сүйіктісіне қысым жасаған! Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева Семей әкімінен бес жыл бойы қысастық көргенін айтты,-деп жазды КТК арнасы.
Туған жеріне концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған.
“Осыны сахнада айтамын деп бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді”,-дейді Роза Қуанышқызы.
Сахнадан айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін Семейге келтірмей қойыпты. Бұл туралы Роза Қуанышқызы осы өңірдегі концерті кезінде айтып берді. Бірақ, нақты қай шенді екенін атын атап, түсін түстемеді.
Десе де, сол атқамінердің кесірінен халықтың сүйіктісі Семей өңіріне гастроль түгілі, тіпті қыдырып та келе алмағанын айтуда. Тек әкім ауысқан соң ғана араға бес жыл салып барып туған жеріне жеткен. Жалпы, өнер адамдары шенеуніктерден жиі қысастық көреді екен.