ҚАРА ҚЫТАЙДЫ ҚАПТАТПАЙЫҚ!  

  CАЯСАТ  САЙҚАЛ ЕМЕС...

  Бір апта бұрын әлеуметтік желіде  «Журналистер арасында Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына арналған байқау» жариялағаны жайында хабар тараған еді. Бірер сөзден кейін пікір айту тоқтап қалды. Сонда соған келіскеніміз бе? Шынында, бұл  қытайға жағымпаздық қой нағыз. Енді журналистеріміз ынтымақтасуды тақырып етіп, қытайды жабыла мақтап,бәрімізді достыққа шақырып,солардың ығына жығыла беруді насихаттай бастамақ па? Бұл не сорақылық?! Қытайлардың қытайдың өзінде де, Қазақстанда да біздің басымызға шығып, әбден басынғаны  аздай,оларды одан әрі тайраңдатып шашбауын көтермекпіз бе?! Намыстан жұрдай болғанымыз ба?! Олар болса,бізбен шын достықты емес, кең байтақ жеріміз бен байлығымызға   сілекейі шұбырып жүр емес пе. Бұл байқауға журналистер байкот жариялауы керек қой! Қытай қазірдің өзінде мойнымызға мініп отыр.  Бүкіл Қазақстан мұнайының 25 пайызына ие болып алған,олар ашқан кәсіпорындар мен компаниялардың,базарлардың есебінен жаңылдық. Президентіміздің өзі бізде 1200 қытай компаниясының жұмыс істеп жатқанын айтты емес пе. Қытай азаматтары елімізге үсті-үстіне ағылып келіп жатыр, отыз мыңы Қазақстан азаматтығын алып, жиырма мыңы қазақ қыздарына үйленген көрінеді. Бұл аздай 72 сағат визасыз кіруге рұқсат берілмек.  Сыртқы істер министрлігі виза  транзиттік жолаушыларға мерізімі шектеулі 72 сағат қана деп,дүрліккен жұртты тыныштандыруда. Алайда қулығына құрық бойламайтын қу қытайлар сол  уақыт ішінде осындағы компаниялары мен қаптаған кәсіпорындарына кіріп жасырынып үлгіреді,дейді білетіндер. Қытайлардың Қазақстанға күн сайын ағылып келіп жатқанын көзбен көріп те отырмыз.  Міне күні кеше ғана іші лық толы төрт автобустан жыпырлап түсіп жатқан қытайлықтарды көрсетті желіден. Жоғары жақтан «қытай тілін үйреніңдер, қытай тіліне басымдық берілсін» деген сөздер айтылып жатыр. Орыстарға деген құлдық санадан құтыла алмай жатқанда ,енді қытайларға құлдық сана қалыптастырмашы ма?! Не болдық сонда? Тірі өлікке айналудың аз-ақ алдында тұрмыз. Дей алып тұрған кезде,дерімізді дейік те. Ал қане қайсың не дейсіңдер?! Бұған байкот жариялайық па, әлде жуас түйе қалпымызда қала берейік пе?! Біз оларға қанша шынайы достық ұсынғанымызбен оларда ұлы державалық шовинизм бар,соған негізделген жымысқы саясат бар.Осындағы компанияларындағы қытай жұмысшылары қазақ жұмысшыларына үстемдікпен біз қожамыз деп менсінбей қарайтыны,неше түрлі әділетсіздіктер жасайтыны жайлы күн сайын әлеуметтік желіде дабыл қағылып,мәселе көтеріліп жатады.Қаншама төбелестер болғаны да белгілі.Олардың зымияндық саясатына бір нақты мысал келтірейік. Президентіміздің Қытайға соңғы сапарының алдында яғни 25 мамыр күні бұрын Елбасымызға арнап толғау жазып,оның алғыс-сыйлығын алған қытайдағы қазақ азаматы, ақын, сазгер,журналист Ертай Сұлтанбекті тұтқынға алып, саяси түзеу түрмесіне тыққан. Қарындасы Нұргүл: оның бар кінәсі біздің президентімізге мадақ-толғау жазғаны деп шырылдап көмек сұрауда. Ал бұған не деуге болады? Біздің президентімізді  қарсы алуға дайындық жүргізіп жатты, одан соң, оны керемет әскери парадпен қарсы алып, келіссөздер жүргізіп жатып, Елбасымыздан алғыс алған қазақ азаматын неге түрмеге тыққан деген сұрақ туады. Демек,олардың достығы шын достық емес,тіпті, бұл президентімізге астарлы қыр көрсету,кемсіту емес пе. Қытайдағы қазақтарды зар қақсатып жатқан жан түршігерлік сұмдық оқиғалар дүние жүзін қатты алаңдатуда. Осындайда,  Сыртқы істер министрлігі мен ішкі саясатты белгілеп отырған мемлекет,  қоғам қайраткерлері қайда?! Енді келіп,  қытаймен ынтымақтасуды кеңінен насихаттаңдар дейді. Бұған жылаймыз ба, күлеміз бе?! Олар онсыз да ішімізге кіріп өліп барады. Сатирик жазушы Ғаббас Қабышев маған мынадай бір оқиғаны айтып берді. 1949 жылы Сталиннің 70 жылдығы құрметіне сол кездегі қытай көсемі Мао Цзе Дун  Мәскеуге келіпті. Соғыстан кейінгі ауыр жылдар. Төрт жылға созылған соғыста Кеңес Одағының жиырма миллион жауынгері қаза тапқан.Мыңдаған қирап қалған қалалар мен селолар әлі қалпына келе қоймаған. Ерлер аз, ауыр жұмыстарды әйелдер атқарып жатқан кез, жұмысшы күші жетіспейді. Соны көрген Мао Сталинге: «Біз сіздерге  100 мың қытай жұмысшысын көмекке берейік, қираған шаруашылықтарыңды  тез қалпына келтіреді» деп ұсыныс айтады . Сонда Сталин: «Спасибо товарищ Мао, нам такая мирная оккупация не надо!» деп, жауап беріпті. Сосын шекарашыларға шекарадан қытай адамы түгіл бір шыбыны өтпесін деп бұйырыпты. Ал бұған не дейсіздер? Бүгінде біз  болсақ , көрер көзге бейбіт оккупацияға жол беріп отырмыз. Енді біздің  саясаткерлерге сабақ боларлық тағы бір оқиғаны айталық. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Солтүстік Вьетнам мен  Оңтүстік  Вьетнам арасында бірнеше жыл бойы қырғын соғыс болды.Оңтүстік Вьетнамға Америка көмектесті. Солтүстік Вьетнам социалистік қоғам құрып жатқан,оған. Компартия көсемі Хо Ши Мин көмек сұрап Москва  мен Пекинге барып келіп, министрлері мен әскер басыларын жинап кеңес өткізеді. Ол Кеңес Одағының қаржы мен қару беретінін, бірақ жаяу әскер бере алмайтынын, ал Қытай болса қаруға қоса бір миллион солдат беруге дайын екенін айтып, қайсысының көмегін алайық деп сауал тастайды. Сонда олар «іргедегі әрі қару, әрі әскер береміз деп отырған Қытай көмегін алайық» деседі. Хо Шин Мин оларды тыңдап болып: « Ертең соғыс біткен соң, Кеңес Одағы берген барлық қару-жарақтар өзімізде қалады,сосын мыңдаған әскери кеңесшілері еліне қайтады,ал Қытайдың бір миллион солдатына тағы да бір миллион қызымет көрсететін адамдары қоса келеді.Оның бәрін ертең елден шығара алмаймыз осында қалып қояды.Сондықтан Кеңес көмегін  алғанымыз дұрыс, адам шығынымыз көп болады,бірақ Отанымызды, мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қаламыз» деп шешім шығарады. Не деген кемеңгерлік! Осыны оқығанда біздің мемлекет басшыларымыз да осындай  патриоттық позиция ұстанса ғой деп,жанарыма жас үйірілді.    Кеңес Одағының көмегімен Вьетнам жеңіске жетті, Америка ықпалындағы Оңтүстік Вьетнамның астанасы Сайгонды азат етіп, қос Вьетнам қосылып, біртұтас мемлекет болды.Міне нағыз көрегендік геосаяси сұңғыла саясаттың тәлім  аларлық озық үлгісі деп, осыны айтар болар. Содан іші күйген Қытай жаңа ғана зор құрбандықпен жеңіске жеткен Вьетнамға соғыс ашып, жеріне басып кірді. Сол тұста «Тарт қолыңды Вьетнамнан!» деп, ақындар өлең жазсақ, әлем халықтары араша түсті. Қытай соғысты тоқтатып, шегінуге мәжбүр болған. Қазір Вьетнам –  саясаты мен экономикасы бір-біріне сай өркендеп келе жатқан социалистік ел. Хо Шим Иннің айтқанындай, қытайларды жүз мыңдап кіргізе берсек, оларды ешуақатта қайта шығара алмаймыз. Сталин мен Хо Шим Ин айтқан "бейбіт оккупация" дегеніміз осы. Қытаймен достық деген бос сөз. Қытай доспыз деп жүріп, Кеңес одағына бірнеше рет соғыс ашқан. Сібірде тұтқиылдан шабуыл жасап Даман аралдарын басып алған, содан кейін Жалаңашкөлде Қазақстан жеріне басып кіріп, соғыс болған. Кеңес Одағының әскери күшінің арқасында көптеген адам шығыны болып, кері қуып салғанбыз. Сонау 18 ғасырда  Жоңғария қалмақтарын бірін қалдырмай қырып жер бетінен жойып жіберген. Қазір де бізге шын дос болып іші жылып бара жатқан жоқ. Карталарына Балқаш көліне  дейін біздің жеріміз деп көрсетіп қойып, балалары мен баршасының санасына сіңіруде. Тіпті,олар «қазақтар өте аз халық,олардың осынша орасан көлемді жерді иеленіп отыруы әділетсіздік,түбінде өзімізге тиісті жерді қайтарып алуымыз керек» дейтін көрінеді. Ал  алып көршіміз Ресей де солтүстіктегі облыстарымызға ашықтан-ашық ауыз ашып отыр. Жақында Ресейлік белгілі саясаткер Лимонов: «Қазақстанды Қытаймен бірлесіп бөліп алу керек» деп жазды. Жириновский де бес облысымызды даулауын қояр емес. Путиннің өзі «Қазақстанда бұрын мемдлеке болмаған» деп, мәлімдеді емес пе. Міне, осындай жан-жақтан Тәуелсіздігімізге зор қауіп төніп тұрғанда елімізге қара қытайдарды қаптату –өз ішімізде оларға плацдарм жасауға жол ашқанымыз және өзімізге өзіміз ор қазғандық болып табылады. Біздің Сыртқы істер министріміз бен дипломаттарымыз бұған неге мән бермейді?! Неткен ашықауыздық! Саясаттағы неткен көрсоқырлық! –деп еріксіз ашынып бас шайқайсыз. Бізде өзі геополитика деген ғылымнан хабары бар саясаткерлер бар ма,әлде жоқ па? Жоқ сияқты.Өйткені зиялылар арасында саясаттан ат-тондарын ала қашып, «ой құрысын,саясат деген сайқал,онымен айналыспаймыз» деп көкитіндер көп. Олар «саясатпен айналыспасаң,саясат сенімен өзі айналысады» деген қанатты сөзді біле ме екен? Міне, дәл солай болып,саясат бізбен айналысып жатыр және қатты айналысып жатыр. Қос басты самұрық «бүрем» дейді,жеті басты жалмауыз айдаһар  «екі шайнап бір жұтам» дейді. Ортасында бейшара сорлы қазақ бозторғайдай шыр-шыр етеді.Бірақ халқымыздың сол бозторғайдай шырылын еститін құлақ жоқ. Саясаттан хабары жоқ саясаткерлерімізге  Л.Вовенарг деген данышпанның «Политика –самое великое из всех знании!» деген сөзін дәйек етіп естеріне салайық.Демек біздің зиялыларымыз айтып жүргеніндей «саясат сайқал» емес,барлық ғылымның көкесі екен. Жоғарыдығы мысалдарға қосып айтарымыз, қазірдің өзінде батыс облыстарымызда жұмыс жасап жатқан қытай компаниларының жұмысшылары жергілікті азаматтарға көптеген қиянаттар жасап, әлденеше төбелестер болды. Алдыңғы жылы  8 шілдеде Қазақмысқа қарасты Ақтоғай кен орнында 21 қытайлық  жұмысшы асханада төбелес шығарып, 31 адам зардап шеккен.Олар ертең миллиондап келгенде күніміз не бомақ? Қытайға жалға жер берген Ресей де зардап шегуде. Иркутск облысы жеріндегі қытайдың  ағаш өңдеу заводының жұмысшылары буряттармен төбелес шығарып,олардың жап-жаңа жеңіл көліктерін трактормен тапап тастаған. Буряттар ағаш заводын жауып, қытайлықтарды қуып жіберуді талап етіп: «Олар  өздерін оккупанттар секілді ұстап,кердең қағады» деп жазған. Желідегі соңғы бір хабарда Вьетнамда Қытай инвесторларына қарсы толқулар болып жатқаны  көрсетілді. Интернетте  Тәжікстан  Қытайдан алған қарызын өтей алмай, өтеуіне Таулы Бадахшан өңірін  беруге мәжбүр болғаны туралы  бірнеше рет хабар берілді. Егер бұл шынымен рас болса, одан неге сабақ алмаймыз? Қытайдан неге үстін-үстін  миллиондап, миллиардтап қарыз алып жатырмыз? Мұның өзі үлкен үрей туғызуда. Мұның арты неге соқтырады? Неге сақтанбаймыз? Ес жиятын кез келді. «Шегінетін жер жоқ, артымызда Мәскеу» дегендей шекке жеттік.   Әлеметтік желіден бірнеше пікір мысал келтірелік. Гүлісхан Домалайқызы: «...Қытайдың көздегені Қазақстанның ұланғайыр жерін қарусыз жаулап алу». Көкеш Такешева: «Қытай деген бір сұмдық болды-ау. Тыныш ұйқтаудан қалдық. Көңілге қорқыныш ұялайды. Сол пәлелерден аулақ жүрген жақсы еді». Кенжеғали Асанов: «Қытайдың визамен де, визасыз да елімізге  кіруі қауіпті». Уштап Пенская: «Қытайларға визасыз есік ашу елге ойран келгенмен бірдей». Берікбол Шайхов: «Қазақпын деген азаматтардың бәрі қарсы».  Қойшыбай Алпысұлы: «Бұл енді нағыз көрсоқырлық немесе ақылымызды ат теуіп алжасқандық». Совет-хан Ғаббасов: «Қытаймен тек алыстан сыйлас. Олар бірінші болып, ата жаулығын көрсетіп, өзіндегі бүкіл қазақты зар қақсатты ғой. Егер Қазақстанды сыйлайтын болса, бұлай жасамас еді... Қазақстанда документсіз жасырын жүрген қытайлар миллионға жуық деп айтушылар көп. Ендеше президент пен үкімет басындағылар арнайы тексеру жүргізуі керек. Олар тексеруді естісімен тығылып қалатындарын бірге жүргендер желіде бірнгеше рет жазды». Ақындар да атқа қонып ұран жырмен жар салуда.Әділбек Қаба: От бүркіп,орнатардай заманақыр, Шығыстан бір аждаһа келе жатыр. Жұтылып кеткелі тұр сайын дала, Дешті қыпшақ, Монғол мен Мәуренахр.   ...Көзің көрді болмайды төзуге енді. Қаламасаң құл болып, езілгенді. Ей,Ашина, баласы Көк Түріктің, Бастарың бірігетін  кезің келді!!! Міне, ақынның «Бөрілерге бірігетін кез келді» атты атой жырынан екі шумақ үзіндісінде бар қазақтың ойы айтылған. Шығыстан бізді жұтқалы келе жатқан сол айдаһарды халық көргенмен билік басындағылар мен парламент көрмей отырғаны, әрине, үлкен өкініш! Бұл ұран жырға жүздеген адам қолдау пікір білдірген. Оны Ажыхан Сабиұлы атты азамат былай қорытындылапты: «Аруақты бабаларым Бұмын! Тоныкөк! Күлтегін! Білге! Керей! Жәнібек! Абылай! Қабанбай! Бөгенбай! Аруақ қолдасын қазағымды!» Бұдан артық қалай айта аламыз, қай қайсысы да, кімнің де болса, жетесіне жеткізе айтқан ғой.  Міне елдің пікірі осындай. Ендеше елдің пікірімен есептесіп,кім айналысуы керек?Кеше ғана Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының құрылғанына 25 жыл толғанын атап өтіп жатты. Біреулер  бұл институт бірдеме бітіріп жүр десе, екінші біреулер түк бітіріп жатқан жоқ дейді. Өйткені өз  халқының өзекті мәселелер бойынша қандай пікір, қандай ұсыныстар айтып, қандай көкейтесті  мәселелер көтеріп жатқанын  сараптап білмейтін, оны қорытындылап, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп отырмайтын ондай институттан не пайда? Қорыта келгенде, халықты  бұдан әрі ашындырмай,көшеге шығуға мәжбүр етпей,қара қытайды қаптатпау мәселесін саналы түрде,сол халық өкілдерімен бейбіт түрде бірлесіп кеңесіп шешу керек! Жұма-Назар СОМЖҮРЕК, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, социолог-саясаткер . qazaquni.kz