Олжас Сүлейменовтың немересі Астанадағы жол апатында мерт болды
2018 ж. 24 маусым
1180
0
Астанадағы жан түршігерлік жол апатында Олжас Сүлейменовтың 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл хабарды марқұмның туыстары растады және жол-көлік апатының куәгерлеріне іздеу салды. Олардың айтуынша, апат 22 маусым күні Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған. Мотоцикл тізгіндеген Ескендірді белгісіз көлік қаққан және жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
Ескендірдің туыстары жол-көлік апаты туралы қандай да бір ақпаратқа ие куәгерлерді +7 701 44 44 134, +7 701 551 82 22 немесе +7 701 981 78 81 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.