МЕНИНГИТКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУ ҮШІН ҚАНША АДАМ МЕРТ БОЛУЫ КЕРЕК, министр мырза?
2018 ж. 04 маусым
5664
3
Миллиардерлердің банктеріне көмек үшін халық қазынасынан миллиардтарды аямайтын үкімет сол халықтың өзіне келгенде неге аянып қалады?
Қазір менингиттен қаза болып жатқандар саны 12-ге жетіпті. Бұл аурудың қатерлілігі – жұқпалығында. Cондықтан әлеуметтік желілер мен сайттар қауіп-қатердің дабылын көтеріп, гуілдеп тұр. Ал Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, «менингитке вакцинация енгізу мәселесі қазір ерте және менингит бойынша вакцинация жүргізуді ұлттық күнтізбеге енгізуге қажеттілік жоқ. Бұл тиімсіз әрі шығыны көп шара болар еді. Ауру жұқтырғандардың саны орташа – бақылаудағы деңгейде». Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгіленген талабына сай, 100 мың адамға шаққанда аптасына кемінде 3 жағдай тіркелуі керек. Сонда ғана жаппай екпе жүргізуге болады… Ал қазір бізде менингитпен ауырған 58 жағдай тіркелген...
Мектепте математикадан орташа оқыған менің есебім бойынша, миллион адамға 30 адамнан келгенде, 18 миллион халықтан 540 адам менингитпен ауырмаса, екпені түсімізде көреміз немесе өз қаржымызға екпе жасатуымыз керек. Оның құны бір адамға 22 мың теңге дейді. Ал жағдайы төмендер, айлығы шайлығына зорға жететіндер қайтеді? Жаппай екпе енгізу үшін ауырғандар саны 540-қа жеткенде, оның қаншасы қаза табады?
Ал, ендеше күтейік сонша адам менингиттен мерт болғанша, министр мырза?
Осы иелері миллиардер-миллионерлерге айналған банктерге көмек үшін халық қазынасынан миллиардтарды аямайтын үкімет сол халықтың өзіне келгенде неге аянып қалады?
Қазыбек ИСА
Qazaquni.kz