Мінтемір Шәймиев: Баланы АНА ТІЛІН үйренуден қалай ғана шектеуге болады?
2018 ж. 30 мамыр
2909
0
Мамырдың 24 күні Татарстанның Мемлекеттік кеңесі сессиясында "Мемлекеттік және ана тілдерді меңгеру туралы" заңнаманы талқылау барысында Татарстанның тұңғыш президенті, қазіргі уақытта Мемлекеттік кеңесші қызметіндегі Мінтемір Шәймиев сөз сөйлеп, тіл саясатына қатысты ойларын ортаға салды.
Бұл туралы "Қазақ үні" порталы ресейлік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа заңнамаға сәйкес, Ресей құрамындағы Республикаларда Мемлекеттік тіл, яғни, орыс тілі міндетті түрде оқытылса, ұлттық тілдерді кез-келген адам өз еркі бойынша ғана меңгеруге жол ашылмақ.
Шәймиевтің айтуынша, бұл "тіл саласына жасалған санкциялар" болып саналады және РФ Конституциясын бұзады. Сондай-ақ, саясаткер Татарстан халқының сайлау кезінде Путинді қолдағанын да еске салды.
qazaquni.kz— Бастауыш сыныптағы баланы өз ана тілін үйренуден қалай ғана шектеуге болады? Бұл сұраққа жауап таппадым, - деді Шәймиев.