Министрлік Қытайдағы 170-ке тарта қазақтың мәселесімен айналысып жатыр
2018 ж. 30 мамыр
2597
6
Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда 170-ке тарта этникалық қазақтың қиындыққа ұрынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"СІМ-де Қытайда 170 шамасындағы қазақтың қиындық көріп жатқаны жайлы мәлімет бар. Олардың барлығымен туыстары мен қоғам арқылы хабарластық. Әрқайсының тағдырына бей-жай қарай алмаймыз. Бір жағынан, ҚХР азаматтарына қатысты мәселе қозғалып жатса, Вен конвенциясына сәйкес, өзге мемлекеттің мүддесіне араласуға рұқсат жоқ. Сондықтан өте сезімтал мәселе", - деді министр.
Мұның алдында министр азаматтардың мүддесін қорғау үшін қазақстандық және қытайлық тараптардың келіссөзін жүргізуге ешқандай кедергі жоқ екенін айтқан еді.
"Сәуірде делегаттарымыз Қытайға екі рет сапар жасады. Қазақстанның 12 азаматына байланысты мәселе көтерілді, олар ҚХР-да ұсталған еді. Қытайлық тарап ҚХР азаматтығынан шығу процедурасын бұзды деп айыптаған. Келіссөздердің қорытындысы бойынша 12 адамның тоғызы босатылды. Қалған үш азамат бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр", - деген еді министр үкімет отырысының үзілісінде.
Әбдірахмановтың айтуынша, азаматтардың құқығын қорғау бойынша жұмыстарға Қазақстанның ғана емес, басқа елдердің де дипломатиялық қызметі жұмылған.