Қазығұрттағы АПАТ: Ашынған халық АШЫҚ ХАТ жазды
2018 ж. 24 мамыр
5951
2
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының тұрғындары "Қазақ үні" редакциясына хат жолдап, өңірдегі өзекті мәселеге назар аударуды сұрады.
Хатта ОҚО, әсіресе, Қазығұрт ауданында туындаған апат шектен шығып, бірнеше ауыл сусыз қалып, көпірлер құлаудың алдында тұрғаны айтылады.
Елдің атынан хат жазған академик Е. Сұлтанмұраттың сөзінше, ондаған жылдан бергі халықтың зары айтылған арыздарға биліктегілер бір-біріне сілтеп, мәселені шешпестен сорлатуда.
Тұрғындардың хатын оқырман қауымға ұсына отырып, редакция ұжымы құзырлы органдардың аталмыш мәселеге назар аударуын сұрайды!