Депутат Елбасы есімін Тәуелсіздік секілді құндылықтармен қатар Конституцияға енгізуді ұсынды
2018 ж. 06 наурыз
6697
105
Парламент Мәжілісініңң депутаты Бақытгүл Хаменова парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін ҚР Конституциясына енгізуді ұсынды, деп жазады Today.kz.
Мәжіліс депутаты «Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Мемлекет басшысының айрықша рөлін Ата Заңға жазып қою идеясын халық жаппай қолдап отыр», деген сенімін жасырмай айтты. «Елбасының баға жетпейтін ерекше рөлін Ата Заңға енгізуді өте қажет деп санаймын. Мемлекеттік тәуелсіздік сияқты еліміздің ұмытылмайтын құндылықтары туралы Конституциядағы 91 баптың екінші пунктіне Тәуелсіз Қазақстанның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін де енгізуді ұсынамын», – деді Бақытгүл Хаменова.