Меруерт Баянға: Сендер неге Димаштың талантын тани алмай, сағын сындырдыңдар?!
2018 ж. 03 наурыз
16854
71
"Қазақ тілін меңгеріп алсаңдар, қазақ халқының атынан алғыс айтар едім”
Кезінде елдің бәрі орындаған "Қимай сені барамын" атты бір әнімен-ақ әйгілі болған әнші-актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Меруерт Түсіпбаева Баян экс-Есентаева түсірген Баян сұлу сериалының масқараға ұшырауын ашық та, анық сынағаны белгілі. Кейінгі кезде тыншып қалған бұл мәселені Баянның сіңлісі Бағым Мұхидденова қайта қоздырды. Бірақ, Баян Алагозова әулетіне (әкесі, қайынатасы, күйеуі, сіңлісі т.б.) қарсы Меруерт әншінің қайтарар әр жауабы дәлелді де, нақты болуымен ерекшеленуде.Күні кеше Бағым Мұхитденова Түсіпбаева туралы “өзгенің есебінен пиар жасауды көздейтін шатақ мінезді әнші” деп жазба мәлімдеп еді. Түсіпбаева да көп күттірмеді.
Бұған дейін Баянмен арпалысқан ол енді оның сіңлісі Бағым Мұхитденоваға тап берді, — деп хабарлайды Stan.kz.
“Әпкең екеуің соншалықты мінсіз продюсер болсаңдар, неге Димаш Құдайбергеннің талантын тани алмадыңдар? Жобаларыңа келген кезде сынап, сағын сындыра жаздадыңдар?! Сол кезде қырағы көздерің мен продюсерлік сезгіштіктерің қайда қалды?..
Ал Димаш жарады. Айтқан сындарыңа түкіріп, қазір бүкіл әлемді бағындырып жатыр (айтпақшы одан кешірім сұрасаңыздар артық болмас еді).
Өткен шақтың лас істерін қозғағаның пиар емес пе? Әлде кек пе? Егер күйеуің сенімен болса, ал Мөлдір отбасын құрып бала туса, ел алдында өткенді қозғаудың қажеті қанша?! Мөлдірдің күйеуі мен ата-анасы қандай жағдайда болады деп ойламадың ба?! Олардың орнында болсам, үндемей отырмас едім! Тынышталыңдар енді! Сендім, әпкең екеуің әмбебап әрі мінсізсіңдер. Біздің жұлдыздарымыз!
Сендер болмасаңдар қазақ xалқы қайтер еді?! Айтпақшы қазақ тілін меңгеріп алсаңдар, қазақ халқының атынан алғыс айтар едім”, – деп мәлімдеді Түсіпбаева.Айта кетейік, осыған дейін Түсіпбаева Баяннан сәтсіз фильмнің ақшасын қайтаруды талап етіп, әлеуметтік желіде жазба қалдырған болатын.