Қылмыс әлемінің серкесі Мұратхан Тоқмәди БТА банк төрағасын өлтіргені үшін сотталады
2018 ж. 07 ақпан
7618
20
Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қайта ашылған жағдайларға байланысты кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің ісін қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске салайық, «Депутаттық корпус» қылмыстық тобының жетекшісі М.Тоқмәди 2017 жылдың қазанында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен бопсалаушылық жасағаны үшін және заңсыз қару-жарақ алғаны үшін соттаған еді. Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Белгілі болғандай, 2017 жылдың қазанында шыққан сұхбатында сотталушы М.Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті 2014 жылдың 19 желтоқсанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар стансасы маңында аңшылыққа шыққан кезде өлтіргенін мойындаған.
Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты хабарлағандай, бұл іс 5 ақпанда өндіріске түскен. Іс материалы бойынша, Мұратхан Тоқмәди «Тұран Әлем Банкі» АҚ -ның бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталуда. Қылмыстық істі судья Азамат Тілепов қарайды. Оның қашан қаралатыны әзірге белгісіз, деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.