«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ САНЫ МЕН ШЫҒЫНЫН ҚЫСҚАРТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ
2018 ж. 02 ақпан
8274
9
«Ақ жол» партиясы өкілеттігін бәсекелестік ортаға тапсыратын министрліктердегі шенеуніктердің саны мен шығындарын 10%-ға қысқартуды тағы да талап етті. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Азат Перуашев 2017 жылдың 6-шы желтоқсанында «ақжолдықтар» бәсекелестік ортаға бюджет шығындарын оңтайландыру және шенеуніктердің қызметін бәсекелестік ортаға беру нәтижесінде олардың санын қысқарту сияқты бірнеше жүйелік мәселелерді көтерген сауал жолдағаны туралы тағы бір еске салды.
Ұлт жоспарының 97-ші қадамы бойынша мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру негізге алынғаны белгілі. Негізгі мақсат – «Үкіметті мемлекетке тән емес және артық функциялардан қысқарту арқылы жинақы ету». Ал, Үкімет болса бюджеттік шығыңдар мен мемлекеттік органдардағы шенеуніктердің қызметін өзін-өзі басқаратын ұйымдарға беру барысында қысқартудан бас тартатыны белгілі болды, бұл Ұлт Жоспарына қайшы келеді.
Үкімет мемлекеттік қызметкерлер өзіне берілген функциялардан басқа да қосымша міндеттерді атқаратынын негізге ала отырып, Елбасының ресми тапсырмасымен келіспеу себебін түсіндірді. Нәтижесінде шенеуніктер жұмыстың аз көлемімен сол еңбекақы мен сыйақыларды, сол кеңселер мен автокөліктерді пайдалануды жалғастыруда. Олар аз жұмыс атқарса да толық жалақы алады, сондықтан бұл жерде бюджет қаржысын үнемдеу туралы сөздің өзі артық. «Біз осындай көзқарасты бюрократиялық ақтау, мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдалану және Елбасының ресми тапсырмасымен келіспеушілік деп атаймыз», – деді парламенттік фракцияның басшысы Азат Перуашев.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға функцияларды беру кәсіпкерлердің осы ерікті-мәжбүрлеу мекемелеріне міндетті мүшелік жарналарын енгізумен қатар жүретінін еске сала кетейік. Яғни, Үкімет бизнеске қаржылық ауыртпалықты әдейі арттырып, бірақ өз шығындарынан бас тартпайын деп отыр. Қоғамға «кәсіпкерлікті қолдау» деп ұсынылған Үкіметтің заң жобалары дәл осыған бағытталған. «Ұлт жоспарында бекітілген Елбасының шағын, тиімді және арзан үкіметті құру туралы тікелей тапсырмасына іріткі салу аясында кәсіпкерлікті қолдау туралы айту қиын», – деді депутат.
Сонымен қатар, Ұлт жоспарынан басқа, Үкіметтің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №380 қаулысымен бекітілген 2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының «Күтілетін нәтижелер» бөлімінің 5-тармақшасында «өзін-өзі реттеуді дамытудың тікелей нәтижесі бюджет шығындарын 10 пайызға қысқарту болуы тиіс» деп белгіленді. Яғни, мемлекеттік аппараттың саны мен шығындарын азайту ғана емес, сондай-ақ олардың нақты параметрлері бекітілген. «Қалай және қашан Үкімет Елбасының тапсырмасын ғана емес, сонымен бірге өзінің тұжырымдамасын қайта қарап үлгерді?», – деген сұрақ «ақжолдықтарды» мазалайтынын білдірді мәжілісмен.
Азат Перуашев «Governmentat a Glance» экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтерін келтіріп, оған сәйкес Қазақстандағы жұмыс істейтін халықтың жалпы санындағы шенеуніктердің үлесі 21%-ды құрайтынын жеткізді. Салыстыру үшін АҚШ пен Германияда бұл көрсеткіш 14%, Австрияда – 10%, Қытайда – шамамен 9%, Жапонияда – 8%, Оңтүстік Кореяда – 6,5% құрайды екен. Қазақстанның 18 миллион тұрғынына 100 мың мемлекеттік қызметкерлерден келеді, ал Жапонияда 128 млн. адамға 9 мың мемлекеттік шенеуніктер немесе орташа есеппен әрбір 100 мың тұрғынға 7 шенеуніктен тиесілі. Ал бізде ше, 100 мың тұрғынға 550-ден астам бюрократтар тиесілі.
Осы нақты мысалдарды келтіре отырып «Шенеуніктердің саны мен ұлттық экономикамыздың тиімділігі арасындағы кері-пропорциональды байланыс туралы қорытынды жасауға болады», – деп атап өтті депутат.
«2014 жылы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында соңғы жылдары мемлекеттік қызметкерлердің саны 8,5 мыңға өсіп, 90 мың адамнан асқандығына назар аударды. Қазір 4 жыл өткеннен кейін жарияланған мемлекеттік қызметкерлерді қысқартудың орнына – олардың саны 9 мың адамға өсті, ал мемлекеттік аппаратты ұстауға жұмсалған шығындар 600 миллиард теңгеден 1 триллион 320 миллиардқа дейін өскен», – деп көрсетілген сауалда. Оның ойынша, кәсіпкерлікті қолдау үшін салықты және бизнеске әкімшілік қысымды төмендетудің нағыз резервтері міне осында жатыр. «Біздің ойымызша, мемлекеттік аппаратта жоғары білікті мамандар жұмыс істейді және олар ұлттық экономикаға қажет деп санаймыз. Егер батыстық білімдері бар осы мыңдаған мамандар, бизнеске келіп, өз істерін ашатын болса – мұндай қадамның нәтижелері дереу еліміздің экономикалық потенциалын кеңейтетін еді», делінген жолданған сауалда. «Егер бұл болмаса – онда мыңдаған қабілетсіз, өз бетінше жұмыс істей алмайтын басқарушыларды кәсіпкерлер есебінен қамтып отырудың қажеті жоқ», – деп қорытынды жасады депутат.
Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП фракциясы Ұлт жоспары және Үкіметтің кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу Тұжырымдамасында бекітілген мемлекеттік функцияларды тапсыратын әрбір министрліктің шенеуніктер саны мен бюджет шығындарын бір мезгілде 10 пайызға қысқарту тапсырмасын орындау қажеттілігі туралы мәселені қайтадан қозғады. «Мұндай есептер мемлекеттік функцияларды өзін-өзі басқаратын ұйымдарға және бәсекелестік ортаға беру туралы әрбiр заң жобасына қосылуға тиiс», – деді Азат Перуашев.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.
«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі