Ерлан Рысқали: Аңдығаны қыз, ішкені арақ, сөйте тұра “Ұлтымыз азып барады” деп сұхбат береді
2018 ж. 30 қаңтар
9552
20
Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали әлеуметтік желідегі парақшасында жұлдызсымақтар мен жалған "ұлт жанашырлары" туралы жазды.
“Аңдығаны қыз. Ішкені арақ-шарап. Қолда темекі. Оған шегетін шөбі қосылған. Және де иіскейтін нашасымен салатын инесі тағы бар. Сүйтіп отырып өзі радио-телеарналардан “Біздің ұлт азып барады. Елдің жағдайы мүшкіл. Ұрпақ келешегі бұлыңғыр” деп ісініп сөйлейді. Ең қызы сондайларды әкімшіліктегілер, мәдениет басқармасындағылар, журналисттер қолдап, пір тұтып “жұлдыз” деп жандары қалмай кештерін ұйымдастырып өткізіп жатады. Міне біздің “рухани жаңғыруымыздың” деңгейі”, – деп жазады әнші желіде.
“Сондай жұлдызсымақтар арамызда өріп жүр. Сондайларды көріп, сұхбатын тыңдаған сайын өзімді Әлихан, Ахмет, Мағжан, Бейімбет, Халел, Шәкәрім, Әлімхан, Ілияс сынды Алаш арыстарының алдында кінәлі сезінем. Қайран бабаларым-ай… “100 жылдық” мерейтойларыңыз елдік деңгейде тойланбады. Тым болмаса күнтізбеден бір күнді белгілеп ұлт болып құран оқып, дұға бағыштамадық та. Барлық теле-радиолардан бір тәулік бойы бірақ тәулік, сіздердің өнегелі өмірлеріңізді оңды-солды насихаттай алмадық. Алмайтын да шығармыз?… Қайдан, қалай дәріптейміз рухани жаңғаруымыздың сыйқы анау болса?! Теле-радиоларымыз жасанды жұлдыздардың ішіп-жеуін, киген киімін, жүріс – тұрысын, ажырасқан-қосылғаннын, қысқасы, өсек қана таратып жатса біз қайдан сіздердің деңгейлерңе жетеміз, асыл бабаларым?!