Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті
2018 ж. 04 қаңтар
6868
24
Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірілген “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясы қоғамда екіжақты пікір қалыптастырды. Ерлан Қарин бастаған бір топ аталған телехикаяға жастардың қызығушылық танытқанын алға тартып, Баян Мақсатқызын қолдады. Алайда телехикаяда тарихтың бұрмаланғанын, аңыздың жұпыны күйде берілгенін айтып, дабыл қаққандар да жетерлік, деп хабарлайды Stan.kz.
Олардың қатарында белгілі журналист Арман Сқабылұлы мен әнші Меруерт Түсіпбаева да бар.
“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” сериалында Баян кейіпкер: “Қодарды жақсы көрсе, әке-шешем өздері тиіп алсын”, – деді. Шашалып қалдым”, – дейді Арман Сқабылұлы.
Ал Меруерт Түсіпбаева: “Менің ойымша, парламент қасиетті жәдігерлерге қол сұғылмаушылық туралы заң шығаруы тиіс. Осылайша тарихымызды қорлау түгілі, оған тиісуге де жол бермеу қажет”, – деген еді.
Елдің сынына “Қазақстан” РТРК басшысы Ерлан Қарин жауап берді. Ол жастар арасында сериалға деген қызығушылықтың үлкен екенін айтып, Баян Алагөзованы жақтап шықты. Қариннің жауабы Түсіпбаеваны қанағаттандырмады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзовадан сериалға кеткен қаржыны қайтаруды талап етті.
“Ұлттық арнаның басшысының жауабы. “Баян сулу” сериалы жайында… Сіздер мен біздердің – яғни бюджеттен бөлінген-салықтан xалықтан жиналған қаржымызға түсірілген сериал жарамсыз – деп табылды. Онда қаржы қайтарылсын. Қазақи, ана тілімізді толық меңгерген продюсерге беріліп қайтадан түсірілсін”, – дейді Түсіпбаева.