Өзбекстанның бұрынғы президенті туралы ресми мәліметке қайшы жаңа деректер жарияланды
2018 ж. 02 қаңтар
7032
5
Ислам Кәрімов атындағы қор Өзбекстаннның бұрынғы президенті жайлы белгісіз болып келген деректерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қордық Facebook желісіндегі ресми парақшасында Ислам Кәрімов отбасының ақ-қара түсті суреті жарияланды. Онда Ислам Кәрімовтың ата-анасы мен отбасындағы өзге балалар бейнеленген.
"Бұл 1928 жылы түсірілген Кәрімовтер отбасының суреті, бұл Ислам Кәрімовтың дүниеге келуінен 10 жыл бұрын. Мұнда оның ата-анасы Абдугани-ота (1894 жылғы), Санобар-ая (1902 жылғы), олардың балалары Мехринисо (1920 жылғы), Амонулло (1922 жылғы) ижәне Ибодулло (1926 жылғы) бейнеленген. Отбасында сегіз бала болған - Мехринисо атты бір қыз және Амонулло, Ибодулло, Арслан, Куддус, Икром, Ислом, Хуршид атты жеті ұл", - делінген қор ақпаратында. Қор мәліметі бойынша, Ислам Кәрімовтың әкесі қызмет адамы болғандықтан, қатал, өзіне және өзгелерге де жоғары талабымен ерекшеленген екен. Ол қатаң тәртіпті ұстанған және балаларынан да соны талап еткен. Қала халқы арасында үлкен құрметке ие болыпты. Анасы үй шаруасындағы адам болған. Әкесі текті жерден - мода-шәріф болған.
"Кәрімовтер отбасының барлық ұлдары жоғары білім алған. Үшеуі мектепті атын белгімен аяқтаған. Үшеуі ғылым кандидаты атанған - Ибод Ганиұлы, Куддус Ганиұлы және Ислам Абдуганиұлы. Бұл ол кезде де, қазір де - бірегей жағдай. Кейін Ислам Кәрімов академик дәрежесін иеленді. Аға-інілерінің барлығы есте сақтау қабылетімен ерекшеленген. Олар өзара қазір оқылған мәтінді жатқа айту арқылы жарысқан екен", - деп атап өтті қор өкілдері.
Мұның алдында СА-news.org ақпарат агенттігі Ислам Кәрімов балалар үйінде тәрбиеленіп, ал аға-інілері туралы ақпарат мүлде болмағаны, ал ата-анасының суреті еш жерде жарияланбағанын хабарлаған еді. Былтыр Өзбекстан президентінің сайтындағы өмірбаян мәтінінде жаңа ақпарат пайда болып, оның екі емес, үш баласы бары жазылған еді. Кәрімовтың Наталья Кучмадан Петр атты ұлы бар. Петр Кәрімов қазір Мәскеу облысында тұрады.