Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Бозымбаевқа сөгіс жариялады
2017 ж. 11 қазан
2674
16
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды.
Еске салсақ, кеше Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрi Қанат Бозымбаевқа сөгiс жариялау туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өтiнiш жасаған еді.