Өмірбек Жампозовтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚР ІІМ
2017 ж. 08 тамыз
2610
11
Асылжан Жампозов прокурорға қатысты күш қолданды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"А.Жампозовтың Целиноград ауданының прокурорына қатысты күш қолдануына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облыстық ІІД Тергеу басқармасы істі өндіріске алды", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, 2017 жылдың 20 шілдесінде Ақмола облысы Целиноград аудандық прокуратурасының ғимаратының алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалған болатын. Облыс прокуратурасының сайтында жария болған мәлімет бойынша, прокуратура қызметкері Ж.Әлибаев пен Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі А.Пішембаев оқ жарақатын алған. Олар ауруханаға жеткізілген.
Ал кейінірек шабуыл жасаған адам қылмыстық істе күдікті О.А.Жампозов екені анықталған болатын.