Әзімбай Ғали: Бізге мемлекеттік тіл негізіндегі саяси ұлт керек
2017 ж. 08 тамыз
3251
3
Бізге мемлекеттік тіл негізіндегі саяси ұлт керек: болашақта демографиялық өсім азаяды, қазақ репатриациясы азаяды, қазақтың қалалық ұлтқа айналу (сапалық өсім әсері) мүмкіндігі азаяды. Бүгінгі күнде қалалық қазақ 60% құрайды. Бірақ қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде орнықпай жатыр, есесіне орыс тілділер қатары және саны, саяси ықпалы өсіп келеді - олар 10%.
Сол "алтын 10%" 1991 жылдан бері билік басында жүр. Сол орыстілділер Ресейдің бидайын қуырады. Ресейдің тілеуін тілеп, коллаборанттық қызмет көрсетеді. Украинада коллаборанттар үлесі 20%, бұл тым қауіпті екен.
Лукашенконың тұсында белорустар ана тілінен бас тартты, бізде де бұл эксперимент жүріп жатыр: ол - Үштұғырлы тіл. Үштұғырлы тілдік мектеп бағдарламасы - қазақ мектебін орыстандыруды көздейді.
Әзімбай Ғали,
Қазақ үні