ЕЛБАСЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
2017 ж. 14 шілде
2527
0
Әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Мемлекеттік наградаларды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыс етті. Атап айтқанда, 2 - дәрежелі «Айбын» орденімен «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің орталық нұсқаушысы, майор марқұм болған Ерғанат Көшербаев марапатталды. Награданы Елбасы марқұмның жұбайы Мейрамгүл Көшербаеваға табыс етті. Сонымен қатар қаза болған ұлттық қауіпсіздік қызметшілерінің мерекелік концертке келген жұбайларына Қазақстан Президенті атынан рақым гүлдері берілді. Мұнан бөлек, 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен 2-ші департаменттің басқарма бастығы, майор Әмір Сарықұлов, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен 5-ші департамент басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, майор Демеу Базарбаев, Жамбыл облыстық департаменті Қордай аудандық бөлімінің жедел уәкілі, аға лейтенант Арман Қожабеков, 3-ші департамент басқармасының аға жедел уәкілі, майор Дастан Лұқпанов, Шығыс Қазақстан облыстық департаменті басқармасының жедел уәкілі, капитан Жандос Омариев, «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің орталық бөлім бастығы, майор Әсет Тастамбеков, Алматы облыстық департаментінің жедел уәкілі, аға лейтенант Ерік Үсенов марапатталды. «Барлық марапатталған офицерлерді шын жүрегіммен құттықтап, еңбегі үшін ризашылығымды айтып, болашақта аманшылық пен табыс тілеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты шара барысында.
qazaquni.kz