Білім министрлігінің ОРАЛМАНДАРҒА мемлекеттік оқу грантын БЕРМЕУ туралы бұйрық шығарғаны рас па?
2017 ж. 18 маусым
10528
36
Осы біздің Білім мінистрлігі шулатпаса жүре алмайма? Дәл қазір Абай атын. ҚазҰПУ-не құжаттарын тапсырған шетелден келген іні-қарындастарымыздың құжаттарын қайтарып беріпті. Себеп министрліктен шетел азаматтарына (оралмандарға) мемлекеттік грант берілмейтіні жайлы бұйрық түсіпті. Бір жыл бойы үкіметтің қаржысымен дайындық курыс оқыған екі мыңға жуық студенттерді тест уақытында шуылдатып, сарсаңға салғаны несі? (Т. Тынысбекұлы)
Егер дәл осы рас болса, онда білім және ғылым министрлігі елдегі қазақ санының артып кетпеуіне жан тәнімен қарсы деген сөз!
Шеттегі қазақтың білім іздеп келген жастарын бауырға баса алмасақ, оларға оқып қалуға мүмкіндік бермесек, онда шеттегі қазақты елге әкелу, мемлекеттің жан санын арттыру деген арманымыздың күлі көкке ұшқаны! Бұл шешімге қоғам болып қарсы тұрумыз керек!
Бұл бұйырықты мен әлі өзім көрмедім. Білім және ғылым минситрлігінің Абай атындағы Қаз.ҰПУ бұл сөзді қайдан шығарғанын ресми түсіндірсін!
Тек дайындық курсын оқыған емес, былай өз бетімен дайындалып жатқан қанша бала бар, жалпы мемлекеттік грантқа кемі шеттен келген 10 мыңға жуық бала қатысады. Бұл жастар еліміздің ертеңі.
Өзімізде елге солай білім алып, орнығып, еңбек етіп жүрміз.
Ағайындар құзырлы органдардан ресми жауап беруін талап етемін!
Шеттегі әр қазақ менің жалғызым, - дейтін жұртқа бөлісу парыз!
Аятжан Ахметжан, Фейсбук парақшасынан