"Арғымақ дәуір зулайды": Нұрлан Оразалин 70 жаста
2017 ж. 16 маусым
3911
18
Абай атындағы академиялық опера және балет театрында көрнекті ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Нұрлан Оразалинның 70 жасқа толуына байланысты «Арғымақ дәуір зулайды…» атты дүбірлі шара өтті. Шығармашылық кеште Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтау хатын оқып берді. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Сенат депутаты Ақан Бижанов, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллинның құттықтауын Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов табыстады. Бұған қоса Мәдениет және спорт министрінің, Ақпарат және коммуникация министрінің, Мемлекеттік және Үкімет орындары бас-шыларының, түкпір-түкпірдегі облыс әкімдерінің лебіздерін арнайы келген өкілдер жеткізді.
Нұрлан Оразалинды 70 жылдық мерейтойымен мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын, Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков құттықтады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов «Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі» төсбелгісін, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ТҮРКСОЙ ұйымының алтын медалін табыс етті. Түркия, Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Ресей сынды өзге де көршілес мемлекеттерден жеткен қаламгерлер де Нұрлан Оразалинды мерейтойымен құттықтап, сыйлықтарын тапсырды.
Сондай-ақ «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, "Қазақ үні" газетіі президенті , ақын Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің құттықтауын жеткізіп, кеш иесінің өңіріне «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан тарихшылары қауымдастығы белгілеген «Қазақ хандығының 550» жылдығы медалін қадады.
Шығармашылық әуенде өткен шырайлы кеш көпшілік көңілінде әдемі әсер қалдырды.qazaquni.kz