Қазақстанда 2 мыңға жуық ардагер қалды. ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев хабарлады, деп жазады Baq.kz.
Қазақстанда 2 мыңға жуық ардагер ғана қалды
2017 ж. 08 мамыр
3809
2
«Ұлды әкесінен, қызды шешесінен, ініні ағадан, жарды жұбайынан айырған бұл соғыстың қасіреті тым ауыр. Ел басына күн туған сын сағаттарда азаматтарымызбен қоса қазақ қыздары да қолына қару алды. Осылай біздің қайсар қыздарымыз жақсы жар, жақсы ана ғана емес ел қорғаушы батыр бола алатынын да дәлелдеген еді. Қазір Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер саны бүкіл Қазақстан бойынша 2 мыңға жетпейді. Олардың қатары күн санап сиреп барады. Ал тыл ардагерлерінің саны 150 мыңның үстінде. Ең қарт ардагердің жасы 90-нан асқан», - дейді Өмірзақ Озғанбаев.
Озғанбаевтың айтуынша, еліміздегі ардагерлерге тұрақты түрде көмек көрсетіліп тұрады. Әсіресе, жергілікті билік қарттардың әлеуметтік жағдайын барынша жасауға тырысады.
«Жалпы, мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Әрине, ардагерлерге деген халықтың сүйіспеншілігі мен құрметі ерекше. Оларға баспана беріліп, аулалары мен үйлері жөнделіп, ауласы тазартылып, жергілікті жерлерде шаруалардың барлығы жүріп жатыр. Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтар туралы кино түсіріліп, кітап пен журналдардың шығып жатқан жайы бар. Сұрапыл соғыстың куәсі – ардагерлеріміз аман болсын», - деп түйіндеді Ардагерлер ұйымының өкілі.