Ұлттық тестілеуден ҚАЗАҚ ТІЛІ алынып тасталды!!! Оның орнын Баян Есентаева басты...
2017 ж. 02 наурыз
30302
115
Ұлттық тестілеу орталығы Баян Есентаева жайлы сұрақты неліктен енгізгенін түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.
Жылда реформа жасап, жаңалық ашатын Білім министрілігі биылдан бастап Ұлттық тестілеуден қазақ тілі мен әдебиетін алып тастаған.
Қаңтардан енгізілген сол ереже, емтихан басталмай жатып қып-қызыл дауға қалды. Өйткені, оқушы түгілі шоу-бизнесте жүргендердің өзін шатастыратын сауал көп.
Биылғы түлектерге арналған тестке атышулы продюсер туралы сауал енгізілгенін хабарлаған едік. 1 қаңтардан бастап жаңа форматқа өзгертілген сұрақ-жауапта Баяннан бөлек талай әртіс-шоумендердің аты аталған екен.
Ал қазақ тілі мен әдебиетінің орнын басқан «Оқу сауаттылығы» пәнін ойға келмейтін сұрақтармен толтырған Ұлттық тестілеу орталығындағылар болса, жастарды шоуға тарттық деп мәлімдеме жасады.
"Біз мұны білдік осындай болатынын. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіндердің қызығушылығын көтеру үшін. Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақ та бар. Олар киноматография, кино саласы дамуы туралы өзінің ой-пікірін көрсеткен", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.
Әдебиеттегі өнегені өсекке толы гламурмен алмастырғандар осылайша талапкер білімін шоу-бизнес арқылы "арттырғанына" мәз.
Ал небәрі 8 күннен кейін түлектерден ұлттық тесті тапсыруға өтініштер қабылдау басталады. Бұл сынақ бұрынғы сынақтан өзгерек болмақ. Мектеп бітірушілер міндетті үш пән - «Математика сауаттылығы», «Қазақстан тарихы» және осы шоу-бизнестен сауатын ашатын «Оқу сауаттылығы» пәндерінен, сондай-ақ өздері таңдаған екі пәннен сынақ тапсырады.